Самал Сырлыбекқызы, Профессор м.а.

Самал Сырлыбекқызы



samal.syrlybekkyzy@yu.edu.kz

Қызметі: «Экология және геология» кафедрасының  профессор м.а.
Ғылыми атағы: PhD, қауымдастырылған профессор
Сабақ беретін пәні:  Экологиялық мониторинг, Экологиялық пәндерді оқыту  әдістемесі, Еңбекті  қорғау  және  тіршілік  қауіпсіздігі.
Ғылыми қызығушылығы: «Геоақпараттық технологияларды қолдану арқылы Каспий теңізі жағалауындағы мұнай өндірілетін аймақтың экологиялық мониторингі».
Жарияланымдары:
Thomson Reuters ақпараттық компаниясының деректер базасында импакт-факторға ие басылымдарда – 2 (Хирша индексі h=1) және Scopus деректер базасына кіретін басылымдарда – 12 мақала (Хирша индексі h=2), 100-ге жуық ғылыми мақала жариялаған. 5 монография, 5 авторлық куәлік, 1 патент, ҚР БҒМ ұсынған 1 оқу құралы, университетіміздің ОӘК ұсынған 7 оқу құралының авторы.
Марапаттау:
ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы – 2017» атағының иегері; Халықаралық экология және  инженерия ғылым Академиясының «Білім беру үздігі» медалі; 2018 ж. “Лучший молодой ученый Yessenov University”;  2019 ж. Білім мен ғылымды дамытудағы зор үлесі үшін «Шахмардан Есенов» атындағы медалі; 2019 жылы Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін А. Байтұрсынов медалімен марапатталды.Маңғыстау облысының   «Жастар сыйлығының» «Жас ғалым-2013» номинациясының иегері; “Жас тұлпар-2015″ облыстық жастар премиясының «Жас мұғалім-2015» номинациясының иегері.
Халықаралық тағылымдамалар:
Ұлы ПетрСанкт-Петербург политехникалық университеті (2018 ж. QS World University Rankings нәтижелері бойынша ТОР-404 құрамына кіреді), Ресей; Ташкент химия-технологиялық институты жанындағы «Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» салалық орталығы, Өзбекстан; 2010 ж. Әзербайжан мұнай-газ университетінде тағылымдамадан өтті.

Leave a Reply