Кафедра «Геология»

Инжиниринг табыстарына бастаушы бол!

«Геология» кафедрасы

[profilesAsRhombus category=24]

БББ бакалавр

6В07208 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау дайындау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін және Каспий маңы аймағының экономикалық өсуі үшін білім алушыларда үш мамандық бойынша кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады: мұнай және газ геологиясы, геофизика және гидрогеология.

6В07208 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау дайындау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының миссиясы жұмыс берушілерге өз жұмысын орындауға дайын жақсы білімді мамандарды ұсыну және еуропалық, ұлттық, салалық біліктілік шеңберіне сәйкес білім беру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету.

6В07208-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, университет жарғысы, аймақтық ерекшеліктері, университет миссиясына сәйкес жұмыс берушінің сұраныстары негізінде құрылады.

БББ пайымы -Қазақстан Республикасының геологиялық, геологиялық түсіру, мұнай-газ кәсіпорындары үшін еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында есептік-жобалау, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру жұмыстарын орындауға қабілетті мамандар даярлау болып табылады.

Бітірушіге 6В07211 – Мұнай-газ инжиниринг білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

БББ магистратура

Магистратураның ғылыми – педагогикалық бағыты бойынша 7М07208 – Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау білім беру бағдарламасының мақсаты – оқыту процесінде игерілген білімдерінің көмегімен типтік міндеттерді шешуге ғана емес, сонымен қатар өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыруға креативті амалдарды жасауға қабілетті қолданбалы геология саласында жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету болып табылады

7М07208-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау магистрін даярлаудың білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері: Жоғары дәрежелі мамандарды ЖОО-да және колледждерде оқыту үшін даярлау; Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі үшін жоғары дәрежелі мамандарды даярлау.; жер қойнауын геологиялық зерттеумен және геокарталау мен компьютерлік картографиялауда прогрессивті технологияларды әзірлеумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі буындарының басшыларын дайындау, сондай-ақ кен  процестерін моделдеу және жер қыртысының геологиялық-құрылымдық элементтерін дамыту.

7М07208-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау бағыты бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының миссиясы – оқыту процесінде игерілген әдістердің көмегімен типтік міндеттерді шешуге ғана емес, сонымен қатар өзінің кәсіби қызметін жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін жасауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

 

БББ пайымы: Бітіруші іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды игеруі, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді қалыптастыра және шеше білуі, таңдаған мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлай және жүргізе білуі, ЖОО-да оқыта білуі, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыра білуі, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеруі тиіс.

Бітірушіге 7М07208 – “Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау” білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

БББ докторантура

8D07208-“Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау” білім беру бағдарламасының мақсаты – ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу салаларында заманауи талаптарға жауап беретін, сондай-ақ ғылым мен геологияның дамуына үлес қосуға қабілетті ғылыми-педагогикалық білім беру өнімін құру болып табылады.

БББ  миссиясы: Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау саласындағы жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістер үшін қазіргі заманғы нарықтың қажеттіліктері мен сұраныстарына және халықаралық стандарттарға жауап беретін жоғары білікті мамандар даярлау

БББ негізгі міндеттері:

-Терең ғылыми дайындық негізінде докторанттарды ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау,

– Докторантты Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ұйымдастыру-басқару қызметіне дайындау, қойылған міндеттерді кешенді шешу үшін персоналдың жұмысына басшылық жасау дағдыларын дамыту.

– Докторантты геология, іздеу, пайдалы қазбалар кен орындарын барлау және игеру, табиғатты тиімді пайдалану саласында орта арнайы және жоғары білім беру жүйесі үшін педагогикалық қызметке дайындау;

БББ пайымы:    Қарқынды ғылыми-техникалық прогресс жас мамандардың келуін және сала қызметкерлерінің білімін үнемі жаңартуды талап етеді. Біліктілікті арттыру жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері үшін өте өзекті, өйткені бұл деңгейде негізге алынатын шешімдер қабылданады, геологиялық барлау жұмыстарының бағыттары мен көлемдері анықталады, кен орындарын барлау және игеру жобалары, пайдалы қазбалар қорлары бекітіледі.

Ш. Есенов атындағы КМТИУ 6D070600-Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мамандығы бойынша диссертациялық Кеңес ашылды,оның құрамына Қазақстанның және жақын шетелдердің геология саласындағы жетекші ғалымдары кіреді. Бұл аталған білім беру бағдарламасының докторанттарына өзінің ЖОО қабырғасында диссертацияны қорғауға мүмкіндік береді.

Түлекке 8D07208-“Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау”білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.

Leave a Reply