2022 жылғы 26 қарашада Yessenov University Инжиниринг факультетінің «Тransport еngineers of YU» студенттік командасы

2022 жылғы 26 қарашада Yessenov University Инжиниринг факультетінің «Тransport еngineers of YU» студенттік командасы Ақтау қаласында өткен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еншілес компаниялармен бірлесіп ұйымдастырған халықаралық стартаптар технопаркі «Astana Hub» және Ақ «QazInnovations» Startup Orda IT стартап-инкубаторының “idea Battle” Республикалық конкурсына қатысты.
Ақтау қаласында Startup Orda стартап-инкубаторын Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы Медиана IT-компаниясымен бірлесіп іске қосты. Іс-шараға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі инновацияларды дамыту департаментінің директоры А.С Барлыбаева қатысты.
Startup Orda стартап-инкубаторына 6В07111-“Көлік, көліктік техника және технологиялар” білім беру бағдарламасының студенттері А.У. Табылов және А.А. Юсуповтың ғылыми басшылығымен әзірленген “Mobile digital auto-servies” автосервисінде қызмет көрсету саласындағы өздерінің IT жобасын таныстырды.

Leave a Reply