«Инжиниринг» факультетінің 3 және 4-курс білім алушыларының жұмыс берушілермен кездесуі өтті

«Инжиниринг» факультетінің 3 және 4-курс білім алушыларының жұмыс берушілермен кездесуі өтті. Кездесу барысында «Шлюмберже Лоджелко Инк» компаниясы мен «ECOTERA» ЖШС-нің өкілдері кәсіпорынның қазіргі заманғы даму сатысымен, бағдарламаның мақсатымен, болашақтағы атқарылар жұмыс түрлерімен таныстырды. Кәсіпорынның инженерлік техникалық бағыттағы жас мамандарды қызметке тарту бойынша қандай жұмыс орындарын ұсына алатындарын түсіндірді. Берілетін жұмыс түрінің болашақтағы маман иелерінің кәсіби тұрғыдан шыңдалуына оң әсері болатындығын жан-жақты айқындап көрсетті.

Студенттер өз тараптарынан толғандырып жүрген сұрақтарын қойып толық қанды жауаптарын ала алды.

Сонымен қатар, кездесу барысында «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі Табылғанов М.Т. студенттерге өз тәжірибесінен пайымдаған ақыл-кеңесін айтып, студенттердің қазірден бастап, ірі әрі беделді кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға ұмтылу қажеттігін атап өтті.

Leave a Reply