Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясы Мұнай және газ институтының бөлім басшысы ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Галиб Мамедович Эфендиев 2023 жылдың 6-17 наурыз аралығында оқытушылар құрамының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келіп, мұнай-газ ісі саласында бірлескен білім беру бағдарламасын жетілдіруді сараптау, зерттеу жұмыстарын әзірлеу, ғылыми жобалар мен мақалаларды даярлау жұмыстарын жүргізді. Эфендиев Г.М. 8D07210-Мұнай-газ ісі БББ оқитын докторанттардың ғылыми кеңесшісі болып табылады. Ол докторанттардың диссертациясылық жұмыстарын сараптап, ұсыныстары мен кеңестерін беріп, қорғауға шығу мақсатында ғылыми бағыттарын пысықтады.

