Негізгі бағыттарды талқылау бойынша дөңгелек үстел

2022 жылғы 30 қарашада “Машина жасау және көлік” кафедрасы Маңғыстау облысының көлік кәсіпорындары өкілдерінің, яғни Yessenov University білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы серіктестерінің қатысуымен Маңғыстаудың транзиттік-көліктік әлеуетін дамытудың негізгі бағыттарын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара спикерлері:

– «Ақтау теңіз сауда порты ҰК» АҚ көлік логистикасы бөлімінің бас менеджері Калиолла К. К;

– «ҚТЖ Жүк тасымалдау» «Батыс» ЖШС Маңғыстау бөлімшесі директорының логистика жөніндегі орынбасары Г. А. Айтжанов;

– Маңғыстау жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы К. С.  Бисембай;

– “Kuryk Loqistics” ЖШС логистика менеджері Д. С. Нұрмұхамбетов.

Кездесуде өңірдің жетекші көлік кәсіпорындарының ағымдағы өндірістік қызметінің мәселелері талқыланды, Маңғыстау облысының көлік инфрақұрылымын дамытудың проблемалары мен перспективалары атап өтілді, транзитті-тасымал потенциалының маңыздылығы мен рөлі атап өтілді.

Leave a Reply