Yessenov University «Мұнай газ ісі» мамандығының 4-курс студенті Аманиязов Ермек Конрад Аденауэр қоры ұйымдастырған Sur-Place бағдарламасы аясындағы республикалық конкурстың стипендиаты атанды. Аталған конкурсқа құжаттарды тапсырып, ақпан айында Ақтөбе қаласында осы қор өкілдігінің директоры Томас Хельммен сұхбатқа қатысып келген болатын.
Бұл қор бағдарламасының негізгі мақсаты жастардың оқуда өз қабілеттерін ашу ғана емес, өз білімін, күші мен бастамасын өз елінің саяси және әлеуметтік өміріне қатысуға арнауға ұмтылатын дарынды жастарға қолдау көрсету. Қатысушыларды іріктеу елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатын жеке өмірлік нық ұстанымы, дүниетанымы кең және айқын мақсаты бар студенттерді анықтау негізінде жүргізіледі.