2019 жылдың 19 желтоқсанында «Жас тұлпар-2019» облыстық жастар премиясын табыстау шарасы өтті. Маңғыстау облысының жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін «Жас тұлпар-2019» облыстық жастар премиясының «Жас өнертапқыш» номинациясын «Инжиниринг» факультетінің «Экология және химиялық инжиниринг» кафедрасының «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 4-курс студенті Қуанова Айнур Айсақызы марапатталды.