1. ҚР ҒБМ ғылыми жоба «Арал-каспий аймағының мұнайгаздылығының келешегіне байланысты төменгі мезозой шөгінділерін зерттеу»
Жұмыстың мақсаты – Аймақта өткізілген сейсмобарлау жәнеде терең бұрғылау жұмыстарын талдау арқылы геологиясын тағыда мұнайгаздылығын зертте.
Зерттеу нысаны – Арал-Каспий аймағының төменгі мезозой шөгінділері
Зерттеу әдістері: Оңтүстік Маңғышлактың геологиялық құрлымын II деңгейдегі тектоникалық элементтерін үйрену.
Алынған нәтижелер мен жаңалық:
– қойылган жаңа мәселені дәлелдеу;
-Оңтүстік Маңғышлакта геологиялың-геофизикалық мәліметтерді өңдеп жинақтау;
– Оңтүстік Маңғышлакта II деңгейдегі тектоникалық элементтерін үйрену арқылы триас шөгінділерін стратиграфиялық корреляция жасақтау;
– Оңтүстік Маңғышлакта V12, V2II, V2? репер горизонттарын бұрғы мәліметтерін пайдаланып стратиграфиялық байланыстыру
Қолдану саласы. Жоғарғы және ортанғы триас шөгінділері ізденіс жумыстарына қызықтандырады, бұлар сейсмобарлау жұмыстары арқылы дәлелденген.
Жұмыс жетекшісі: геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Қожахмет Қ.Ә.
2. ҚР ҒБМ ғылыми жоба «Жер ғаламшары моделінің негізінде шарлы найзағай электр генераторы»
Жұмыстың мақсаты – шарлы найзағай электр генераторын құру
Зерттеу нысаны – Жер планетасының моделі болып табылады
Зерттеу әдістері: Жер планетасының құрылысын геологиялық үлгілеуді, реактордағы электр зарядынан кейінгі флюидтердің физика-химиялық талдауларын, жоғары вольтты зертханалық және эксперименттік зерттеулер мен сынақтарды қамтитын геологиялық-геофизикалық зерттеулердің кешенді әдісі.
Алынған нәтижелер мен жаңалық: Жер ғаламшары моделінің негізінде шарлы найзағай электр генераторының ғылыми және технологиялық принциптері әзірленді.
Қолдану саласы: Нәтижелер электр генерациясының жаңа көзі саласында пайдаланылуы мүмкін, бұл өндіру климаттың жаһандық өзгеруіне алып келетін қазбалы отыннан толығымен бас тартуға мүмкіндік береді.
Жұмыс жетекшісі: геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Тарасенко Г.В.