2020 жылдың 4 қаңтарында Yessenov University «Инжиниринг» факультетінің бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша білімберу бағдарламаларын талдау мақсатында жұмыс берушілермен кездесу өтті.
Дөңгелек үстелде оқытушыларды да өндірісті де бірдей толғандыратын маман даярлау мәселелері талқыланды.
«ММГ» АҚ, «Кен-Сары» ЖШС, ТОО «ОПТИМУМ жобалау институты» ЖШС, «КМГ Инжиниринг ҚазНИПИмұнайгаз» ЖШС және т.б. облыстағы жетекші кәсіпорындардың өкілдері білімберу бағдарламасын игеру және іске асыру бойынша ұтымды ұсыныстарын берді.