Yessenov University «Инжиниринг» факультетінде 2015 жылы құрылған SPE студенттік секциясы жұмыс істейді.

SPE-бұл әлемнің 147 елінен 143000 астам қоғам мүшелерін біріктіретін коммерциялық емес кәсіби қауымдастық. Бұл қоғам мұнай-газ саласының мамандарына қарым-қатынас жасауға, білім мен идеялармен алмасуға мүмкіндік береді.

SPE миссиясы  мұнай және газ ресурстарын өндіру мен әзірлеуге қатысты техникалық білімдерді жинақтау, тарату және алмасу болып табылады, бұл болашақ мамандар мен мұнайшыларға өздерінің техникалық және кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

SPE халықаралық құрылымында секциялар деңгейінде өзін-өзі ұйымдастыру қабылданды. Сонымен қатар Yessenov University базасында студенттік секция құрылды, оның Президенті қазіргі уақытта «мұнай — газ ісі» мамандығының студенті Сақыпжан Е. Эдвайзер (жетекшісі) – «Мұнай-газ инжиниринг» кафедрасының доценті М. К. Каражанова.

Доктор Ханк Роулинстің (Dr . Hank Rawlins)  «Enhanced Production Through Surface Management» тақырыбындағы дәрісі.

Schlumberger компаниясының өкілі Джошан Аянның (Cosan Ayan) «Reservoir and Fluid Characterization with Formation testers: Reducing Asset Uncertainties» тақырыбындағы дәрісі.

Atyrau International Petroleum Olympiads Халықаралық Мұнай- газ олимпиадасы, 2019 ж.

НГД-16 тобының студенті Аманмырзаев Ермек NCOC компаниясында тәжірибеден өтті. Бұл сапарды ол көктемде Атырау қаласында өткен SPE халықаралық техникалық мұнай- газ олимпиадасында бірінші орынға ие болды .

Біздің SPE студенттік секциясы өте жас болғанымен, ол екінші рет (2016,2019) «Gold Standard»халықаралық марапатына ие болды .

Студенттер арасында ұйымдастырылған SPE зияткерлік ойындар

SPE мүшелері арасында боулинг бойынша Турнир. Іс — шара достармен, әріптестермен спортпен шұғылдануға және қарым-қатынас жасауға, жақсы көңіл — күй мен жағымды эмоцияларды ұзақ уақытқа сақтауға тамаша мүмкіндік болды.

Урочище Тамшалы

Тарихтан біршама …

Ғаламшарды қоқыстан тазартамыз!

Студенттік клуб «Жас Эколог» — қоршаған ортаны зерттеу мен қорғауда белсенді экологиялық білім мен дағдыларды игеруге, қалыптастыруға және дамытуға ұмтылатын студенттердің ерікті шығармашылық бірлестігі. Бұл клуб 2010 жылдан бастап жұмыс жасайды. Жас экологтар клубының жұмысы студенттерге ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық белсенділікті қалыптастыруға, табиғаттың ажырамас бөлігі болып табылатын, табиғи ресурстарды сақтауға және көбейтуге, салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттауға бағытталған ұғымдарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Экологиялық клуб «экологиялық дүниетанымды» қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады: акциялар, бұқаралық шаралар, конкурстар және ғылыми-зерттеу жұмыстарының басқа нысандарын өткізеді, студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады, студенттер мен қоғамның қатысуымен бұқаралық шараларды өткізеді.
2013 жылдың қыркүйегінен бастап студенттік клубтың жетекшісі — аға оқытушы Айтимова  Айнажан Маратқызы.
Клубтың мақсаты — студенттердің экологиялық дүниетанымын қалыптастыру және экологиялық мәдениетін арттыру.
Клуб міндеттері — студенттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлеуметтік белсенділіктерін, оның ішінде еріктілік және экологиялық іс-шаралар арқылы насихаттау;
— студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу;
— қоршаған ортаны қорғау саласындағы байқаулар мен жарыстар ұйымдастыру;
— дөңгелек үстелдер, кездесулер, пікірталастар, шығармашылық кештер өткізу.

«Машина жасаушы» студенттік клубы  6В07109- «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында жұмыс істейді.
«Машина жасаушылар» клубы  «Машина жасау және көлік» кафедрасының жанынан құрылған.
Клубтың негізгі мақсаты:

  1. Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде машина жасау және көлік саласында жаңа инновациялық технологияларды одан әрі жетілдіру үшін ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерге студенттерді қатыстыру;
  2. Клубқа мүше студенттердің жеке және кәсіптік шеберлігін шындауына, ғылыми жұмыстармен айналысуына жағдай туғызу.
  3. Ғылыми конференцияларға қатыса отырып ғылыми және кәсіби-іскерлікке байланысты көкейтесті  мәселелерді талқылау.

Клубтың жетекшілері – А.С. Мадиярова және А.У.Табылов үнемі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына өз ойларын қоса отырып, конкурстарына қатысып, жүлделі орындар иеленуіне мұрындық болып жүреді.
Студенттер түрлі ғылыми-зерттеу конкурстарына, халықаралық симпозиумдарға, сондай-ақ жыл сайынғы республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«Экология және химиялық инжиниринг» кафедрасының «ЖАС ТЕХНОЛОГ» студенттік клубы олардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға бағытталған қызметін үйлестіру міндеттерін шешеді.
Студенттік клубтың әрқилы қызметі жастардың зияткерлік, мәдени және рухани дамуына деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Клуб қызметінің мақсаты келесі функцияларды орындау жолымен орындалады:
— Клуб мүшелері арасында қарым-қатынас орнату және ақпарат алмасу жүйесін құру;
— білім алушылардың мамандыққа құндылықпен қарауға тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
— «Инжиниринг» факультетінің басқа студенттік клубтарымен ғылыми, білім беру, зерттеу, жобалық және мәдени ынтымақтастық құру.
Клуб мүшелері «Менің арманым!» атты стартап-жобаға және «ТОМ:Aktau» 72-сағаттық мейкатон конкурсына қатысты.
Деканның орынбасары Аккенжеева А.Ш. басшылығымен топ басшысы-Қуанова Айнұр «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік-маңызды инновациялық жобалар байқауында I орын алды. Сондай-ақ, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 жыл тегін оқу грантын иеленді.
2019 жылдың ақпан айында клуб мүшелері Қуанова Айнұр, Нұрлыбай Лейла, Иманшаева Айдана оқу курсын өтіп, Астана қаласында өткен «Рухани Жаңғыру –болашаққа жол» және «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты  семинар-тренингтерге қатысты.
Клуб жетекшісі: «Экология және химиялық инжиниринг» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Туркменбаева М. Б.
Клуб белсенділері: А. Куанова., С. Иманшаева, Н. Нурлыбай, С. Рахманов.