Пікірлер

Бітіруші түлектердің пікірі

Енсегенов Насихат Саясатович
«Арман БК» ЖШС Бас директорының орынбасары
2001 жылғы түлек

Менің ойымша, Yessenov University ҚР аумағында мұнай — газ ісі саласында мамандар даярлау бойынша жетекші орында тұр. Жоғары білікті оқытушылар құрамы мен қуатты ғылыми-техникалық базаға ие бола отырып, университет студенттерге әлемдік деңгейдегі сұранысқа ие білім алуға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Студенттік кездерімді  ностальгиямен еске түсіремін, уақытты артқа айналдырып жаңа білім алу мен зерттеу әлеміне қайта үңілгім келеді.

«Мұнайгаз инжинирингі» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына мен ЖОО- да алған тартымды оқу процесі үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі- студенттердің кәсіби өсуін қамтамасыз ететін жақсы білім алуына сенімді кепілдік.

Жұмыс берушінің пікірі

техника ғылымдарының докторы, профессор Кулиев Юсиф Мурад оглы
Ұңғымалар құрылысын жобалау қызметінің басшысы
«OPTIMUM» Жобалау институты» ЖШС

Компанияның табысты қызметі көбінесе бізде жұмыс істейтін Yessenov University түлектерінің жоғары кәсіби деңгейімен анықталады. Еңбек жолында қатардағы лауазымдардан бастап, сіздердің түлектеріңіз кәсіби қызметте елеулі табыстарға қол жеткізіп, институттың табысты қызметі мен ғылыми жетістіктеріне елеулі үлес қосады.

Тәжірибе көрсеткендей, «Мұнайгаз инжиниринг» кафедрасы түлектерінің кәсіби дайындық сапасы және олардың алған білім деңгейі ғылыми және инженерлік қызметте тиімді жұмыс істеулерін толық қамтамасыз етеді.

«Мұнайгаз инжинирингі» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына және іскерлік байланыстардағы артықшылықтары мен түлектердің жоғары кәсіби деңгейін тұрақты ұстап отырғаны үшін  Yessenov University  басшылығына алғысымызды білдіреміз.

Иманбаев Бакыт Алтаевич
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС КазНИПИмұнайгаз филиалының директоры

Бүгінгі таңда Yessenov University түлектері «ҚазНИПИмұнайгаз» ғылыми қызметкерлерінің едәуір бөлігін құрайды. Әр түрлі жауапкершілік дәрежесіндегі қызметтерді атқара отырып, олар кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, сондай-ақ ерекше жеке қасиеттерін көрсете отырып, өздеріне жүктелген міндеттерді ұқыпты жауапкершілікпен  орындайды.

Yessenov University түлектерінің кәсіби дайындық сапасы, алған білім деңгейі олардың табысты қызметі мен ғылыми жұмысы үшін қажетті талаптарға сәйкес келетін біліктілікті көрсетеді.

Бітіруші түлектердің пікірі

Абыланов Бағдат Амангелдіұлы «ММГ» АҚ
Геология және кен орындарын игеруді талдау бөлімі бастығының орынбасары
2001 жылғы түлегі

Әрбір адам өз таңдауын жасайды. Мен де өзіме ұнаған  Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіндегі  «Мұнай және  газ геологиясы» мамандығын таңдадым.

Yessenov University тек  білім алуға ғана емес, сонымен қатар «Геология» білім беру бағдарламасын толық меңгеруге де мүмкіндік береді. Оқу барысында біз көптеген теориялық білім алып,  алған білімдерімізді тәжірбиеде қолданып өңірдегі мұнай газ саласының дамуына үлесімізді қосып жатырмыз.Қазіргі уақытта университет қабырғасында алған дағдыларымды шыңдап практикада батылдықпен қолданып, өнеркәсіпте геолог қызметін атқарамын.  Бұл университеттің оқытушылары құнсыз тәжірибесі бар, терең білім иелері болып табылады.

Суйеуов Тимур Акмуратович
«ММГ» АҚ, «Жетыбаймұнайгаз» ӨБ бастығының орынбасары - бас геолог.
2001 жылғы түлегі

Біз университетте оқу кезінде тек мықты білім мен құнды кәсіби қасиеттерді игеріп ғана қоймай, сонымен қатар, геологтарды басқа жоғары оқу орындарының түлектерінен тиімді айыратын университеттік тәрбие алдым.

Студенттердің кәсіподақ ұйымында оқуды қоғамдық жұмыспен ұштастыру мүмкіндігі мен ұйымдастырушылық дағдыларды дамытып, сенімді достар мен жолдастарды таптым.Университетте алған териялық білім алғашқы кәсіби қадамдар үшін берік негіз болды.

Осы алған теориялық  білімімді  өндірістік тәжірбиеммен ұшастырып  қазіргі таңда Қазақстан өнеркәсібіне үлес қосатын мұнайлы өлке Маңғыстаудың бетке ұстар кәсіпорындарында басшылық қызметін атқарамын! Осы дәрежеге жетуіме алғаш демеу болған білім алған ордам Ш.Есенов атындағы КМТИУ Геология кафедрасының профессор-оқытушылық құрамына алғысым шексіз!  Әліде Қазақстан өнеркәсібі дамуына қажетті мықты мамандарды дайындайды деп сенемін!

Жұмыс берушінің пікірі

Келбет Алмагүл Салихоллақызы
«Батысқазжерқойнауы» ӨД Маңғыстау өңірлік инспекция басшысы

Yessenov University заман талабына сай бәсекеге қабілетті мықты мамандар дайындау барысында отандық білім мен ғылым саласына сүбелі үлес қосып жүрген танымал жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарында деп білемін.

Қазіргі кезде Ш.Есенов университетімен тығыз байланыстамыз. Өткізіліп жатқан ғылыми-практикалық конференцияларына, әр түрлі жиындарына атсалысып, қатысамыз. Облыстың жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен келген жастар осы инспекциядан 6 ай мерзімінде тәжірибеден өтеді. Соңғы 5 жылда көптеген түлектер қоғамдық жұмыстар тәжірибесінен өтіп, өз мамандықтарымен мекемелерге жұмысқа кірген. Олардың 90%-ы – осы университет түлектері.

Университеттің ерекше мақтанышы-түлектер. Басым көпшілігі мамандық бойынша жұмыс істейді,жұмыста жақсы нәтижелерге ие. Университетте студенттер табысты жұмыс пен өмірге қажетті іргелі білім алуға мүмкіндігі бар. Білім сапасы жоғары деңгейде, барлық оқытушылар жоғары біліктілігі бар жақсы мамандар болып табылады.

Бітіруші түлектердің пікірі

Жауханова Ләззат Абзаловна
Абзалқызы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты.
2019 жылғы түлек

Yessenov University  қабырғасында оқу мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрдім. Білім алған жылдарымда болашақ мамандығыма қажетті көп мәліметтер алып, өз білімімді жоғары деңгейге көтердім. Әрине, бұл жетістікке жол ашқан университетте алған тәрбием мен білімімнің арқасы деп білемін. Cапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар әрқайсымыздың бойымызға азаматтық қасиеттерді сіңіре білді.

Жұмыс берушінің пікірі

Аманиязов Серік Колдасынович
Маңғыстау облысының информациялық технологиялар орталығы «Ақпараттық жүйелер» бөлімінің бастығы

Мен Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне көптеген мүмкіндіктер мен болашағы бар қызықты, көңілді әрі пайдалы күндер үшін, тәжірибелі ұстаздар және жан-жақты қалыптасқан тұлғалармен жеке танысқаным үшін ризамын.

Мен жұмыс берушілер бағалайтын және бүгінгі күнгі сұранысқа ие сапалы білім бергені үшін алғыс айтқым келеді.

Жоғары оқу орнына үздіксіз даму мен өркендеуді тілеймін!

Бітіруші түлектердің пікірі

Бисен Нурсултан
«Каскор-Машзавод» АҚ Инженер-технолог
Түлек 2018 жыл

Yessenov University туралы менде тек қана жағымды естеліктер қалған. Бұл тек қана қызықты студенттік өмір уақыты ғана емес, сонымен бірге жоғары білікті және тәжірибелі мамандардан білім алу уақыты ретінде есте қалды.

Yessenov University  дипломы сапалы білімнің кепілі екенін сенімділікпен айта аламын!

Жұмыс берушінің пікірі

Жангирханқызы Ляззат
Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС, бас технологы

Ш. Есенов атындағы КМТИУ түлектері басқа жоғары оқу орындарының бітірушілерінен ерекшеленеді: бәсекеге қабілетті бизнес ортаға дайындалған: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген,  «машина жасау» мамандығы бойынша академиялық және практикалық білімдері бар. Ш.Есенов атындағы КМТИУ түлектері командада жұмыс істеудің жақсы коммуникативтік дағдыларын меңгерген, әртүрлі жағдайларға тез бейімделеді және шеңберден тыс ойлай алады. Олар жауапкершілікті өз мойнына алады және командалардың көшбасшылары болып табылады,тапсырмаларды шешуге креативті кірісіп, команданы нәтижелі нәтижеге шығара алады.

Бітіруші түлектердің пікірі

Иманбаев Канат Саматович
«DELUXE DESIGN» ЖШС жобасының бас инженері
2002 жылғы түлек

Тек оқу мен ғылымға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық жастар істері – құрылыс отряды, студенттік жазғы тәжірибеге толы студенттік жылдар мәңгі есте қалады. Инженерлік факультетінің деканы — Гусман Жардемұлы Кенжетаев, ғылыми жетекшім — Жиенбек Өмірзаұлы Сүгіров және сол оқыған кездегі «Инжиниринг» факультетінің қазіргі деканы Шара Каниевна Джумагазиева білімді, қамқор, іскер педагог студенттерге үлкен құрметпен және сүйіспеншілікпен қарады.

Бүгінгі күні 20 жыл бойы еңбек етіп, үнемі ізденісте жүріп және Yessenov University салынған білімнің іргетасы әр жолы маған септігін тигізеді.

Жұмыс берушінің пікірі

Кулмаганбетова Акгул Мендигалиевнa
ТОО «BEST-INGINEERING-PROJECT-AKTAU» директоры

Yessenov University, сондай-ақ оқытушыларға өз атымнан және «Best-Engineering-Project-Aktau» ЖШС атынан алғысымды білдіргім келеді. Университет және кафедра ұжымдарына сәттілік тілеймін!

Бітіруші түлектердің пікірі

Туркменбай Нұрсұлтан
«ҚазАзот» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері
«ҚазАзот Химиялық өндіріс қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің төрағасы
2015 жылғы түлек

Студенттік жылдар өмірдегі ең жақсы жыл деп айтылады. Ал Yessenov University-де 4 жыл оқығаннан кейін ғана мен осы сөздерді  растай аламын. Осы аралықта біз, студенттерге, бір күн бос уақытымызда  болған жоқ! Студенттер уақыты түрлі ғылыми конференциялар мен шығармашылық іс-шаралармен, форумдармен және, әрине, лекциялар мен семинарлармен қанық болды.  Оқу материалын тануға ғана емес, тұлғаның көп қырлы дамуына мүмкіндік берген осы қайталанбас қарым-қатынас үшін барлық оқытушылар құрамына үлкен алғысымды айтқым келеді. Академиялық ұтқырлық аясында  алты ай бойы Болгарияда (Бургас) «Профессор доктор Асен Златаров» университетінде оқыдым. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жақсы білімім мен тәжірибелік дағдылар «ATAMEKEN STARTUP WEEKEND AKTAU» ғылыми жобалар байқауына «Тұрмыстық қалдықтарды шыны талшықтан өңдеу» тақырыбында жоба дайындауға мүмкіндік берді.

Аяпбергенов Ерболат Оразбайұлы
«КазНИПимұнагаз» ЖШС ғылыми зертханалық зерттеулер орталығында далалық химия зертханасының меңгерушісі
2009 жылғы түлек

Мен 2009 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің бакалаврын бітірдім. 4 жыл ішінде ЖОО оқу, студенттік өмірге қатысты ұмытылмас әсер қалдырды. Университетте оқуды жалғастыруға және магистр дәрежесін алуға үлкен мүмкіндік болды. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, магистратураға оқуға түстім. Қазіргі уақытта «Отындардың және жоғары энергетикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін ізденушімін, сондай-ақ «Қазнипимұнагаз» ЖШС-нің ғылыми зертханалық зерттеу орталығында кәсіпшілік химия зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істеймін. Кафедрада мықты профессор оқытушылар құрамы бар, олар менің кәсіби қасиеттерімнің дамуына тікелей үлес қосты.

Yessenov University күн сайын жақсарып, қарқынды дамуда, менде қарқынды дамудың сол ырғағында болғым келеді.

Мен Yessenov University-дің барлық талапкерлері мен студенттеріне жаңа білімді өз бойларына сіңіруді, сондай-ақ студенттік өміріңізді жарқын әрі мазмұнды етіп өткізу мүмкіндігін жіберіп алмауды тілегім келеді. Бұл уақыт зымырап өтеді, бірақ мықты білім алу және белсенді студенттік өмір тәжірибесін қалыптастыры қалу- сіздердің қолдарыңызда.

Бахитжанова Гулдана Танаровна
«Физтех» АҚ бас инженер-экологі 2003 жылғы түлек

Студенттік жылдар – бұл ашылымдар, жетістіктер, өзін-өзі жетілдіру дәуірі, ол мәңгі есте қалады, бірақ, өкінішке орай,  жылдам өте кетеді. Сондықтан көп нәрсе осы керемет сәттерді қайда және кіммен өткізгеніңізге байланысты. Мен жұмыс берушілер бағалайтын және бүгінгі күні сұранысқа ие сапалы білім үшін сүйікті университетке алғыс білдіргім  келеді. 2003 жылы инженерлік факультеті бітіріп,  Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне жұмысқа түрдым.  Әрі қарай   кәсіби тәжірибем  ірі мұнай компаниясына бас инженер-эколог ретінде жұмысқа орналасуға көмектесті.

Жұмыс берушінің пікірі

Адильбаев Есенкос Эстуреевич
Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары

Yessenov  University заманауи жұмыстың жоғары талаптарына жауап беретін, жақсы теориялық білімдерін көрсететін түлектерін атап өткім келеді. Маңғыстау облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы қызметкерлерінің негізгі бөлігі — Yessenov  University түлектері. Университетте белгілі бір кәсіби құзыреттіліктердің қалыптасуы түлектерге кәсіптік ынталандырудың жоғары деңгейіне, жоғары кәсіби шеберлікке, ұжымда бейімделуге және жалпы мәдениеттің жоғары деңгейіне ие болуға мүмкіндік береді. Қосымша тәжірибелік  дағдыларды біздің ұйымның негізінде студенттерге өндірістік тәжірибе  беріледі.

Дауржан Саттарович Жумабеков
«КазАзот» АҚ өндіріс бойынша бас инженердің орынбасары

30 жылдық еңбек нәтижесінде мыңдаған жоғарғы дәрежелі мамандарыңыз білім саласында, халықаралық аренада абырой мен беделге ие болады (1991 жылдан бері).

Қазіргі таңда кафедра «Экология және химиялық инжиниринг» Yessenov University жастарды маңызды  өмірге дайындап, келешегі кең болашаққа бағыттайды.

Туған өлкеміздің мәртебесін арттыру жолындағы және Отанымыздың  экономикалық негізі мұнай-газ өңдеу өндірісіне, жалпы химиялық технология саласына білікті мамандар дайындау жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, болашағына сенім, барша бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.