“Құрылыс инжиниринг” кафедрасы

YESSENOV UNIVERSITY Инжиниринг факультеті “Құрылыс инжиниринг” кафедрасы студенттері вахта ауысымына кезекті кәсіптік  тәжірибеден өтуде.

Атап айтқанда «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) мен университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ кен орны базасында тәжірибеге бағытталған оқытудан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ МИРАСӘЛІ өтуде.

Студенттер кәсіби мамандар мен тәлімгерлердің жетекшілігімен өндірістегі  қызу қызметпен  танысып, денсаулық сақтауды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі қатерлерді жан-жақты талдауды, сондай-ақ, еңбекті қорғау ережелерімен танысуда. Атап айтқанда, Құрылыс-монтаждау жұмыстары, мұнай ұңғымаларын күрделі жөндеу және орналастыру, химиялық талдау, технологиялық жабдықтарды монтаждау, ұңғымаларды зерттеу операторы және т.б.  мамандықтарға  шеберлік тәжірибемен алмасуда. Әрбір  тәжірибеден өту  жұмысын тәлімгерлер жеке қадағалайды. Олардың бақылауымен студенттер кен орны үшін маңызды жобаларды, жеке дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы оқу модульдерін іске асыруға қатысады.

2022 жылы «Құрылыс» білім беру бағдарламасындағы СОВЕТ ИСЛАМ, БЕРЕКЕТ АЛДАБЕРГЕНОВ «Қаражанбасмұнай» АҚ кен орны базасында тәжірибеге бағытталған оқытудан өтіп, тәжірибе жинап келген.

Кафедра үшін Қаражанбас сияқты стратегиялық маңызды өндірістік нысанда оқуға және жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік берілгеніне қуаныштымыз.

Тәжірибеден өтушілер оқу жылының соңына дейін вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Айта кетейік, олардың өндіріспен танысып, нәтижелі еңбек етуі үшін кен орнында барлық  жағдай жасалған.

HCMUTE UNIVERSITY OF TECNOLOGY AND EDUCATION Вьетнам еліне барып академиялық ұтқырлық бойынша «Құрылыс инжиниринг» кафедрасынан 6В07303-Ғимараттар мен үймереттерді есептеу және жобалау білім беру бағдарламасынан СОВЕТ ИСЛАМ және САПАШЕВ МАНАС бірінші күздік семестрден оқып келді. Аталған студенттердің әсері жоғары деңгейде болды. Бұл академиялық ұтқырлық студенттердің интеллектуалды алға ілгерушілігі мен білім берудің мәдени және ғылыми ақпараттылығы, технологиялық тәжірибе алмасудан тұратын күрделі және көп жоспарлы үдеріс болды. Студенттердің университет басшылықтарына алғыстары шексіз.

Кафедра жетістіктері

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін «Құрылыс инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі, PhD Гулбану Гасанкулиевна Байсарова алғыс хатпен марапатталды.

Г.Г. Байсароваға кафедра ұжымдастары құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен ғылым жолында ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейді!

2023 жылдың 10 наурызында Халықаралық студенттер қауымдастығының қолдауымен Астана қаласында ұйымдастырған «Үздік студент» халықаралық жобасы аясында басталған «ТМД елдерінің үздік студенті» 4-ші байқауы жарияланды. Байқауға халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың және стартап жеңімпаздары қатысты; қоғамдық жастар қозғалыстарының жетекшілері мен белсенділері, ұлттық құрама мүшелері, ТМД-ның 7 елінен, солардан 21 университетінен белсенді ғылыми жобалармен айналысқан лауреаттары мен жүлдегер студенттер болды.

Осы конкурстан «ТМД Үздік студент-2023», «Ғылыми жетістіктер» номинациясы бойынша Ш. Есенов атындағы КТИУ, «Құрылыс инжиниринг» кафедрасынан студенті ҚАНАТОВА АҚГҮЛ ЕРЛАНҚЫЗЫ, ғылыми жетекші т.ғ.к., профессор, академик ХАА РАШИТ ТЕМЕРЖАНОВИЧ БРЖАНОВ төс белгі және II- дәрежелі дипломмен марапатталды.

Марапат жүлдегері А.Е. Қанатоваға 2023 жылғы Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы «СУ ТҰЩЫТУ ЗАУЫТЫ» ЖШС директоры АККУЛОВ НУРЛЫБАЙ КАРЖАУБАЕВИЧ тапсырды.

Студент ҚАНАТОВА АҚГҮЛ ЕРЛАНҚЫЗЫН құттықтай отырып, болашақта университет қабырғасында алған білімін жетілдіріп, әрі қарай білім шыңын бағындыруға тілектеспіз.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткен 2023 жылғы XV Республикалық пәндік олимпиадада 6В07301-Құрылыс білім бағдардалмасы бойынша «Құрылыс құрылымдары» пәнінен III- орын алған студент АРМАНД РЫСТЫ РИЗАҚЫЗЫ, ғылыми жетекшісі профессор БРЖАНОВ РАШИТ ТЕМЕРЖАНОВИЧ марапатталды.

Олимпиадаға қатысқан студенттер: БАЛТАБАЙҰЛЫ МЕДЕТ, ТІЛЕПОВ АҚЫЛБЕК РАДЖҰЛЫ сертификаттар табысталды. Студенттерге қолдау көрсеткен кафедра оқытушыларына және ғылыми жетекшісі Рашит Темержанович Бржановқа алғыс айта отырып жарқын, келешектерінің кемелді болуына тілектеспіз.

2022 жылдың соңында Алматы қаласында (КазГАСА) білім беру корпорациясы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының сәулет, инженерлік құрылыс және дизайнерлік мамандықтарды бітірушілердің дипломдық жобаларының республикалық конкурсы on-line режимі байқауы өтті. Осы конкурста Қазақстанның 46 ЖОО қатысты. Байқаудың ресми тілдері – қазақ, орыс және ағылшын тілі.

Бұл конкурста YU университететі «Инжиниринг» факультеті «Құрылыс инжиниринг» кафедрасынан «Құрылыс» мамандығы бойынша 2 дипломдық жоба ұсынылды.

46 ЖОО ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау номинация бойынша ІІІ- дәрежелі дипломмен ВУВС-19-8 тобының шәкірттері МУСАБЕКОВА ГУЛЬМИРА, БЕКЖАНОВ АЙБЕК, БАКЫТЖАНОВ АЙТҚАЛИ (жетекшісі т.ғ.д., профессор, академик ЖИЕНБЕК УМИРЗАЕВИЧ СУГИРОВ марапатталды.

«Құрылыс инжиниринг» кафедрасының 6В07307-Кадастр білім беру бағдарламасы 2022 жылғы Атамекен жоғары оқу орындарының БББ рейтингі қорытындысы бойынша 1 орынды иеленіп сертификат табысталды. Аталған БББ 2021 жылғы қорытынды бойынша да жүлделі 3 орынды алған болатын биылғы нәтиже, 6В07307- Кадастр БББ деңгейі мен сапасының үздіксіз жетілдіріліп отырғандығын көрсетеді.

«Құрылыс инжиниринг» кафедрасы

 

Марапттары:

  1. Кафедра меңгерушісі, PhD Гулбану Гасанкулиевна Байсарова

2021жылы Есенов 45 жылдығына төсбелгі,

2022 жылы Есенов төсбелгі,

2023 жылы еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандарды даярлаудағы үлкен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрінің алғыс хатымен марапатталды.

  1. Кафедра Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, техника ғылымдарының кандидаты, КР ЖАК доценті т.ғ.д. Рашит Темержанович Бржанов «А.Байтурсынов атындағы қола медаль»,

төс белгілер: «Ш. Есенов атындағы КМТИУ құрмет»,

КР БжҒМ «ЖОО 2014 жылдың үздік оқытушысы»,

КР БжҒМ министрінің құрмет грамоталары — 2001, 2016, 2018, 2022 жылдары.

  1. 3. Доцент, т.ғ.к. Нигметов Мермурат Жалелович «Маңғыстау облысына 40 жыл» әкімінен төсбелгісінің иегері
  2. Доцент, т.ғ.к. Нурадин Алиевич Жайылхан «Маңғыстау облысына 40 жыл» әкімінен төсбелгісінің иегері.
  3. Қауымд. проф., аға оқытушы, магистр Маржан Кузембаевна Суйменова

«Университет ардагері» төс белгісі, 2023ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

  1. Қауымд.проф., аға оқытушы, магистр Гулбану Іздібайқызы Есболай

2022ж. Қазақстан Республикасының ұстаздар күніне орай жастарды тәрбиелеудегі игілікті еңбегі мен университетті дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасы берілді.

  1. Қауымд.проф., аға оқытушы, магистр Куланда Мактаповна Шайхиева 2021жылы Есенов 45 жылдығына төсбелгісімен марапталды.
  2. Кафедра маманы Тамара Койшыгуловна Умирзакова

2011 жылы «Университет ардагері» төс белгісі,

2018 жылы ҚКХП ОК Саяси Бюросының «Ұлы Октябрь социалистік революциясына 100 жыл» мерейтойлық медалімен,

2022 жылы «Университетіміздің 45 жылдығында» мерейтойлық төс белгісімен марапатталды.