Ақтау машина жасау зауыты

Қазіргі уақытта  Yessenov University және «Ақтау машина жасау зауыты» арасында ұзақ мерзімді меморандум жасалған.

Филиалдың негізгі мақсаты — студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті, өз ісін жетік меңгерген маман дайындау.

Филиал меңгерушісі,  «Ақтау машина жасау зауытының» бас технологы Жангирханқызы Л. «Металл кескіш станоктар», «Металл кескіш станоктар және СББ станоктарында өңдеу», «Жөндеу өндірсінің технологиясы»  пәндері бойынша сабақ өткізеді.

«Машина жасау және көлік» кафедрасының оқытушылары Г.С.Мамбеталиева  «Машина жасау»  білім беру бағдарламасы бойынша  «Дәнекерлеу өндірісі»           пәні бойынша тәжірибелік сағаттарын, О.Т.Манкешева «Машина жасау»  білім беру бағдарламасы бойынша  3-курс студенттеріне «Машина жасау кешеніндегі бақылау және сынау» пәні бойынша тәжірибелік сағаттарын үнемі өткізеді.

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер де зауытта өндірістік тәжірибеден  өтеді. Тәжірибе барысында  білім шеңберінің кеңдігімен, еңбекқорлығымен көзге түсіп, табандылық танытқан студенттер, айтап айтар болсақ,  А.Тусбаева , Р.Укиев, Н.Бейсенбай  қазіргі таңда зауытта жұмыс жасап жүр.

Leave a Reply