«Кристаллография және минералогия» зертханасы

Кристаллография және минералогия, Жалпы және тарихи геология, Петрография пәндері бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізуге арналған. Зертхана минералдарды, олардың физикалық қасиеттерін, тау жыныстарын анықтауға және сипаттауға арналған.

«Жалпы және мұнай геологиясы» зертханасы

Жалпы және мұнай геологиясы, Мұнай және газ қорларын есептеу әдістері пәндері бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізуге арналған.  Зертхана мұнай мен газдың физикалық және химиялық қасиеттерін, мұнай және газ кен орындарын іздеу және барлау әдістерін, бұрғылау деректері бойынша жер қойнауының геологиялық құрылымын зерттеу әдістерін, мұнай және газ шоғырларының режимдерін, қорларды есептеу және геологиялық-кәсіпшілік бақылау әдістерін меңгеруге арналған.

«Қабат физикасы» зертханасы

Қабат физикасы, Көмірсутек шоғырын модельдеу пәндері бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізуге арналған. Зертхана мұнай және газ коллекторларының негізгі физикалық қасиеттерін зерттеу, қабаттарды пайдалану барысында әртүрлі физикалық-химиялық параметрлердің осы қасиеттеріне әсерін зерттеу дағдыларын меңгеруге арналған.

«Петрофизика және геофизика» зертханасы

Іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері, Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу және интерпретация пәндері бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізуге арналған. Зертхана мұнай-газ кен орындарының геологиялық қималарын және ГАЖ әдістерін зерттеу дағдыларын меңгеруге арналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *