Студент жастар арасында қазақ шешендік өнерін насихаттау мақсатында Инжиниринг факультеті студенттері арасында «1001 мақал 101 жұмбақ» сайысы болып өтті. Шарамыз 3 айналымнан құралды. Қатысушы студент саны 3 студент болды. Атап айтар болсақ:

  • Аязбай Ербол – Стандарттау сертификаттау мамандығының 1 курс студенті
  • Қуаныш Ақырыс – Құрылыс мамандығы 1 курс студенті
  • Зәмзәм Мунира – Құрылыс мамандығының 1 курс студенті

3 айналым бойы бір-бірінен озық болуға ұмтылған студент жастарды әділ-қазылық етіп, өз бағасын берген Экология және геология кафедрасының аға оқытушысы, магистр, доктарант – Жиенбаева Гүлбану Измухановна болды.

Шара барысында әділ-қазы мүшесі 3 айналым арқылы арнайы дайындалған мақалдардың жалғасын табу арқылы көнерген мақалдарды студент жастарға мағынасын ашып беруге тырысты.

Арнайы дайындалған 16 мақалды студенттеріміз бірінші жауап беру арқылы ұпай жинауға тырысты. Қуаныш Ақырыс студенттіміз бірінші айналымда өзінің мақал табудан ерекше көзге түсе білді.

Екінші айналымда өздері қарсыластарына дайындап келген мақалдарды бір-бірлеріне жасырды. Бұл сайыста Аязбай Ербол өзін жақсы көрсетіп, ұпай жинап сайыстағы 1 орын алуға мүмкіндігі жоғарылады.

Үшінші айналымда жұмбақ жасырылып, тез жауап берген студенттеріміз жоғары ұпай алуға мүмкіндігі болды. Барлық сайыс бойынша жоғары ұпай жинаған студентіміз сайыстың І орынына ие болды.

Сайыс қорытындысы бойынша – Зәмзәм Мунира ІІІ орынға ие болды, ІІ орынға Қуаныш Ақырыс, І орынға Аязбай Ербол болды.

Қорытынды сөз сөйлеген Жиенбаева Гүлбану апайымыз студент жастарға қазақ мақал-мәтелдерін жаттап, мағынасын түсініп өмірде қолдануға шақырды.

Қаулы: Студент жастар арасында өз-өздерін шыңдайтын шаралар жиі өткізілуі қадағалансын.