Кітап- білімнің қайнар көзі. Кітап ішінде қаншама құндылықтар бар екені бәрімізге белгілі. Қазіргі технологияның дамыған заманында «Кітап әлемі» артта қалып қойғанын ащы да болса шындық. Әсіресе өскелең ұрпақ қазақ жауһарларының артта қалдырған қаншама мұраларын кітап арқылы ізденуі төмендей бастады.Қазіргі таңда жастарға кітап әлеміне деген қызығушылығын арттыру мақсатында Инжиниринг факультеті тәлімгері Базарбай Бауыржанның ұйымдастыруымен «Reading book» атты кітап оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа факультетімізден 6 студент қатысып, сайысымыз 1 аптаға созылды.

Студент жастарымызға арнайы әділ-қазы алқаларының шешімімен Қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы, Маңғыстаулық – Әбіш Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» кітабы ұсынылды.

Қатысушы студенттер тізімі:

  • Балтабаев Бекбол НГД 20-1
  • Меруерт Боранбаева СС 20-1
  • Меруерт Бисенбай СС 20-1
  • Ақжан Қойлыбаева НГД 20-1

Осы сайысқа әділ-қазылық еткен төрешілер тізімі:

  • Алия Жеткизгенова Түгелбайқызы — «Қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты;
  • Аманшаева Майра Әмірханқызы – Университетіміздің кітапхана жетекші маманы;
  • Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқарма басшысы – Аслан Тұрлыбек;

 

Онлайн форматта өткен сайыстың қорытындысында әділ-қазы алқалары сұрақтар қойып, студенттер кітап ішінен повесьтің мағынасын, сырын ашуға тырысты. Алия Жеткизгенова апайымыз – әр кітапты оқығанда кітап ішіне үңіліп, не үшін «Бір шоқ жиде» деп аталғандығы туралы сұрақ қойды? Кітап ішіндегі кейіпкерлер сипаттамасы, мінезі қандай қалай бейнеленгені жөнінде сұрақтар қойып, мардымды жауап ала алды. Кітап ішінен қандай жаңа сөздер ұққанын, салт-дәстүрлер қалай бейнеленгені туралы Майра апайымыз сұрақ қойды?

Студент жастарымыз қойылған сұрақтарға өздерінің жауабын беріп, әділ-қазы алқаларынан ұпай ала алды. Сайысымызға белсене қатысқан Балтабаев Бекбол, Бисенбай Меруерт болды. Қорытынды бойынша әділ-қазы алқаларының шешімімен Балтабаев Бекбол – 1 орынға ие болды, Бисенбай Меруерт 2 орынға ие болса, қалған студенттерге қатысқандығы үшін Алғыс хат табыс етілді.

Алғаш рет ұйымдастырылған шарада студенттеріміз белсенді қатыса алды. Дәл осындай шаралар әлі де жалғасын тапса игі деген тілек білдірілді.