«Геология» кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» бағыты бойынша Yessenov University бас корпусында Тұрар Жолдыбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында оқу аудиториясын ашты.

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығын дамытуға, өркендетуге елеулі үлес қосқан белгілі, баршамызға таныс тұлга Тұрар Жолдыбаевтың есімін орны ерекше айтуға болады.
Тұрар ағамыздың өміріндегі ең бір айтулы кезеңі деп — 1979 жылы Таушықта мамандандырылған «Жаңа жол» кеңшарының құрылуынан бастасак болады.
Т.Жолдыбаевтай ауыл шаруашылығының ардагері, ауылды алға сүйреген азамат 2007 жылы өмірден озды. Оның идеялары мен армандары аяқсыз қалмақ емес, оны ұлдары жалғастырып отыр.

Университетіміздің түлегі Қосуақов Айбекке әке жолын жалғастырып, ұрпақтар сабақтастығына айналдырып отырғанына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Осы асыл ағамыздың ғибратқа толы өмірін, ұлағатты істерін қазіргі жас ұрпағымыз, болашақ мамандарымыз бойына сіңдіріп, келешекте білімді, білікті, саналы жастарымыз көбейе берсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *