Yessenov University-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты салтанатты жиында университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов университет дамуына өз үлестерін қосқан оқытушыларды Ш. Есенов төсбелгісімен, сондай-ақ бірқатар оқытушылар және қызметкерлерді ректордың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапаттады. Ғылым беру саласында ерекше еңбегі үшін ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен “Инжиниринг” факультетінің профессоры Серікбаева Ақмарал Қабылбековна марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *