1 – желтоқан Тұңғыш Президент күніне орай Инжиниринг факультеті студент жастары және профессор оқытушылар құрамы арасында «Спорт — бәріміз үшін» атты спорттық сайыс болып өтті. Сайыстың басты мақсаты профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында, спорт денсаулық кепілі ұраны аясында өткізілді. Сайысқа Инжиниринг факультеті 5 кафедра оқытушылар құрамы қатысты. Атап айтар болсақ: — Мұнай газ ісі командасы; — Жалын командасы — Қуат командасы — Маш командасы — Құрылыс командасы Осы аталған командаларға әділ-қазылық еткен қазылар алқасының құрамында: — «Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқарма басшысы – Аслан Тұрлыбек — «Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқармасы жетекші маманы- Қанат Наурызбай — «Ғылым және технологиялар» факультетінің тәлімгері – Алшын Жалғас Сайысқа қатысушылар 7 сайыс бойынша сынға түсіп, ұйымдастырушылар дайындаған қызықты әрі қиындыққа толы сайыстардан сүрінбей өтуге тырысты. Әр сайыс сайын бірінен-бірі асқан командалар ойын соңына дейін жеңімпаз болу үшін барын салды. Әділ-қазы алқалары әр сайыстың дұрыс орындалуын, шарттарды бұзбауын, жылдамдығын есептеп әр сайысқа ұпай сандарын көтеріп отырды. Сайыс қорытындысы бойынша белсене қатысып Алғыс хатқа ие болған командалар: Жалын командасы және Маш командасы болды. ІІІ орынға ие болған Мұнай газ ісі командасы ие болса,ІІ орынға Қуат командасы, І орынға Құрылыс командасы ие болды. Жыл сайын өткізілу жоспарланып отырған сайыстың ауыспаоы кубогы бұл жолы Құрылыс инжиниринг кафедрасына жол тартты. Қалған кафедралар келер жылы бұл кубокка ие болуға мүмкіндіктері бар.Қаулы. Жоспар бойынша спорттық шаралар жиі өткізілуі қадағалансын. |