YESSENOV UNIVERSITY «Инжиниринг» факультеті «Құрылыс инжиниринг» кафедрасының аға оқытушылары Гулбану Іздібайқызы Есболай, Куланда Мактаповна Шайхиева, Айжан Ісметиллақызы Ізбасар, Маржан Кузембаевна Суйменова халықаралық стандарттар негізінде жобаларды басқару әдістері мен құралдары саласында біліктілігін арттырып, «Практика управления проектами на основе стандарта PMI PMBоK (Project Management Body of Knowledge) Guide 6th Editon», «Сертификация CPM (Сертифицированный проектный менеджер)» және «Сертифицированный менеджер проекта IPMA. Уровень D, С» сертификаттарына ие болды.
Аталған халықаралық сертификаттарға ие болу жобаларды басқару процестері мен білім салаларын зерттеуге, жобалық басқарудың негізгі қағидаттарын игеруге, теориялық, практикалық тапсырмалар, кейстер, оқу жобасы, тест сұрақтары арқылы жобаларды басқару және дағдылардың тұжырымдамалық кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Халықаралық сертификаттаудан өткен «Құрылыс инжиниринг» кафедрасының оқытушылары курс барысында үздік әлемдік тәжірибемен танысып, жобаны басқарудың біртұтас жүйелілігін меңгеріп, терминология және жобаларды басқару әдістерін жүзеге асыру құзіреттіліктеріне ие болды.