Алматы қаласында Халықаралық білім беру корпорациясында сәуірдің 25-26 аралығында да пәндік олимпиада өткізілді. Республикалық олимпиада студенттерге болашақ мамандардың арнайы кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатында өткізіледі және дарынды студент жастарды қолдау факторларының бірі болып табылып, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысатын команданы қалыптастыру болып саналады. Олимпиада 2 кезеңде өтіп бірінші кезең-университетішілік, екінші базалық жоғары оқу орындарында өтті. Олимпиадаға еліміздің 29 ЖОО келген 254 студент «Сәулет», «Қала құрылысы», «Дизайн», «Құрылыс», «Құрылыс технологиялары». келесі бағыттар бойынша өз білімдері мен біліктілігін көрсетті.
Қатысушылар 19 пән бойынша бәсекеге түсіп, керемет қабілеттері мен таланттарын көрсетіп «Құрылыс инжиниринг» кафедрасының 6В07303 –Құрылыс инжиниринг білім беру бағдарламасының студенттері Арманд Рысты, Аманжолов Ақансері, Қуатов Жалғас, Мусаев Мейірбек техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Нигметов Мермурат Жалеловичтің ғылыми жетекшілігімен қатынасты.
Олимпиадаға қатынасқан 25 ЖОО команда ішінен студент Арманд Рысты білім және зерделілігін көрсетіп, комиссия шешімімен «Құрылыс конструкциялары» пәні бойынша III орынды жеңіп алды. Студенттерге және жетекші Мермурат Жалеловичке ерекше алғысымызды айтамыз. Жеңістеріңіз құтты болсын!