Койбакова Сымбат Еламановна, «Экология және геология» кафедрасының менгерушісі

Койбакова Сымбат Еламановна



symbat.koibakova@yu.edu.kz

Қызметі: «Экология және геология» кафедрасының меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: PhD, қауымдастырылған профессор
Сабақ беретін пәні: Маңғыстау облысының экологиялық проблемалары және Каспий теңізінің қауіпсіздігі, Зерттеулерге кіріспе
Ғылыми қызығушылығы: 
«Қашықтықтан зондтау мәліметтерін қолдана отырып, Құмды мүйіс жағалау аймағындағы топырақтың жай-күйін бағалау және акваторияны кешенді зерттеу
Ғылыми жетістіктер:

  1. ҚР БҒМ гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасы » Каспий жағалауы аймағының экологиялық компоненттерін және техногендік объектілерді кешенді зерттеудің ғылыми негіздемесі» тақырыбында орындалды (2012-2014 ж.мемлекеттік тіркеу №0112РК02173) – жоба орындаушысы;
  2. ҚР БҒМ гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасы » Каспий теңізі суының мұнай өнімдерінен өзін-өзі тазарту қабілетін белсендіру » (2012-2014 ж) – жауапты орындаушы;
  3. ҚР БҒМ гранттық қаржыландырудың » Құрамында қызыл металы бар техногендік шикізатты күкіртпен сульфидтеудің физика-химиялық заңдылықтарын зерттеу. » ғылыми жобасында (2016 ж.) – ғылыми орындаушы.
  4. Шарттық жұмысы «Маңғыстау облысының шекарасындағы Солтүстік-Шығыс Каспий жағалау белдеуінің фондық жағдайы» (2019 ж.келісім шарт №42/19 27.09.2019) – орындаушы;
  5. Инициативті жоба » Ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін Каспий теңізінің жағалау аймағындағы теңіз суын тұщыландыру» (2018 ж.ж. № 018РКИО425 инвентарлық№ 0218РКИ0224) орындаушысы.
  6. Инициативті жоба » Әктас қалдықтарынан өнімділік сипаттамалары жоғары материалдардың жаңа түрлерін алу» (2018 жж.) орындаушысы.
  7. ҚР БҒМ гранттық қаржыландырудың «Каспий теңізінің Маңғыстау қайранындағы теңіз ағындарының режимін пилоттық зерттеу» (2020-2021 ж.ж. ИРН АР08956547) – ғылыми қызметкер.
  8. ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру AP19175786 «Ақтау және Құрық порттарының су айдындарының спутниктік мониторингі» жобасының ғылыми жетекшісі (2023-2025 ж.ж.).

Жарияланымдары: (индекс Хирша h=2)
40 — тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде: КОКСОН басылымдарында-9, Clarivate Analytics, Scopus, нөлдік емес импакт — фактор — 9, патенттер-2.
Марапаттары:

  1. «Шахмардан Есенов» төсбелгісі университеттің дамуына қосқан үлесі үшін (2020 ж.);
  2. «Шахмардан Есеновтың 45 жылдығы» төсбелгісі университеттің дамуына қосқан үлесі үшін (2020 ж.);
  3. Алғыс хат. «III Маңғыстау облыстық «Эколидер» байқауының жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны үшін» (2021 ж.);
  4. Халықаралық ұйымдардың тәуелсіз мемлекеттер достастығының «Үздік жас ғалымы 2021»;
  5. ҚР ҒЖБМ «Құрмет грамотасы»Қазақстан Республикасының білм және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін (2022 г.);
  6. 2023 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері;
  7. Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаты 2024 жыл.
  8. ҚР ҒЖБМ медалі (2024 г.);

Халықаралық тағылымдамалар:
Yildiz technical University, «YTU international Relations»

Leave a Reply