«Машина жасау және көлік» кафедрасы

Қазақстан ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай Yessenov University «Үздік ғылыми қызметкер», «Үздік жас ғалым» байқауы өтті. «Инжиниринг» факультетінің атынан «Үздік жас ғалым» байқауына «Машина жасау және көлік» кафедрасының PhD, жас ғалым А.З. Букаева қатысты. Бұл байқау ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген ғылыми қызметкерлердің еңбегін бағалауға арналған болатын. А.З. Букаева осы университетті бакалавр, магистратура бойынша үздік, докторантурасын Satbayev University сәтті аяқтап, «Күшті тау жыныстарының блоктарын беттік өңдеуге арналған термодинамикалық жұмыс органының құрылымын зерттеу» тақырыбында қорғап шықты. ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі тарапынан алғыс хатпен, сонымен қатар, оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарын атқарудағы жеткен жетістіктері үшін Есенов университеті тарапынан алғыс хатпен марапатталды.

«МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ҚР ҒЖБМ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫМЕН 1 ЖОБА ҰТТЫ.

«Машина жасау және көлік» кафедрасының оқытушылар құрамы қауымдастырылған профессор (доцент) Г.Ж. Булекбаеваның жетекшілігімен ҚР ҒЖБМ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫМЕН 2023-2025 жылдар аралығында 99 млн теңге көлемінде «Балқытылатын бөлшектердің кернеулі-деформацияланған күйін зерттеу және беттік пластикалық деформация процестеріндегі олардың деформацияларын азайту әдісін әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асыруда.

  • Аға оқытушы Д. Б. Баимбетов «Энергетика және машина жасау» басым бағыты бойынша «Жас ғалым» 2023-2025 жылдарға арналған жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру жобасын іске асыруда.

Жобаның тақырыбы «Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірі жағдайында теңіз суын тұщыландыруға арналған күн жылу сорғысы жүйесін модельдеу және әзірлеу».

«Машина жасау және көлік» кафедрасының аға оқытушысы Баимбетов Динмухамбет Болашақ бағдарламасының «500 ғалым» жобасының аясында Германияда Берлин Техникалық Университетінде тағылымдамадан өтті. Болашақ бағдарламасының «500 ғалым» тағылымдамасы кафедрамыздың жас ғалымына Technische Universität Berlin тәлім алуға керемет мүмкіндік берді.

28 тамыз мен 01 қыркүйек аралығында Yessenov University зерттеу тобы құрамы: PhD Букаева А.З., т.ғ.к. Табылов А.У., AP19680395 «Балқытылатын бөлшектердің кернеулі деформацияланған күйін зерттеу және олардың беттік пластикалық деформация процестеріндегі деформацияларын азайту әдісін әзірлеу» жобасының ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру шеңберінде Батуми қаласында (Грузия Республикасы) қызметтік іссапарда болды.

Қызметтік іссапардың мақсаты: Грузия механиктер Одағының XV жыл сайынғы халықаралық форумының отырысына қатысу.

Баяндаманың презентациясында конференцияға қатысушыларға беріктендірілген дененің әсерін ескере отырып, технологиялық жалғасы механикасының тұжырымдамалық аппараты негізінде соңғы элементтер әдісімен әзірленген беріктендірілген серпімді-пластикалық дененің моделін талдау негізінде беткі-пластикалық деформациясы (БПД) өңдеу кезінде қалдық кернеулерді қалыптастыру теориясын зерттеу нәтижелері ұсынылды.

Грузия механиктер Одағының XV Жыл сайынғы халықаралық форумының қорытындысы бойынша Yessenov University зерттеу тобына халықаралық үлгідегі тиісті сертификаттар берілді.

Д. Б. Баимбетов, 2022-2024 жылдарға арналған ҚР БҒМ ғылыми және ғылыми-техникалық жобалары бойынша гранттық қаржыландыру негізінде AP14871988 «Жылу сорғысы негізінде күн-жылумен тұщыландыру қондырғысын әзірлеу» ғылыми жобасының аға ғылыми қызметкері, 2024 жылғы 8-12 қыркүйекте Рим қаласында өткен SDEWES 19-шы конференциясының жұмысына қатысты. Конференцияға 62 елдің ғалымдары қатысты.