Ай Пи Ар Медиа (Мәскеу) баспасының Қазақстандағы филиалының ЖШС «EDP Hub» Директоры (Идипи Хаб) С.Г. Иванов атынан ректор Б.А. АХМЕТОВКЕ алғыс хатпен марапаттап, «Құрылыс инжиниринг» кафедрасының профессоры және қауымд.профессор (доцент) МЕРМУРАТ ЖАЛЕЛОВИЧ НЫҒМЕТОВ, ІЗІМ НАСИЕВИЧ ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ еңбегін сараптау комиссиясы жоғары бағалады және Globalscience Call II Ұлттық жарияланым байқауының (жаңа білім қоры) жеңімпаздары мен финалистері болды.
Ш. Есенов атындағы YU Ақтау университетіндегі оқытушылардың жан жақты дамуы мен кәсіби өсуі үшін жағдай жасауға сондай ақ білім мен ғылымның сапасын жақсартуға және арттыруға қосқан баға жетпес үлесі үшін ЖШС «EDP Hub» Директоры (Идипи Хаб) С.Г. Иванов алғыс айтты.
Оқулық «Геотехника-2: Топырақтар механикасы», «Геотехника-2: Ғимараттар мен үймереттердің іргетастарын есептеу және жобалау» оқу құралы 6В07303- Құрылыс мамандығы бойынша оқу бағдарламасы негізінде жазылған.
I, II томдық оқу құралында топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері, геодинамикалық үдістері және олардың үймереттерге әсері, инженерлік-геологиялық зерттеулер, үймерет негізіндегі кернеу мен деформациялардың таралуы, топырақ сілемдерінің орнықтылығы қаралған. Негіздіктерді жобалдаудың негізгі қағидалары мен әдістері, аса күрделі жағдайда динамикалық әсері негіздікте әлсіз топырақтарды бекіту тәсмілдері қаралған. Екінші томда қазіргі заманғы материалда статикалық және динамикалық жүктемелерде, ерекше топырақ жағдайында ғимараттар мен үймереттердің іргетастарды жобалау және есептеу әдістері және иіргетас салумен байланысты басқа да мәселелер толық қарастырылған.

