Максат Токсанович Табылганов, «Мұнайхимия инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі

Максат Токсанович Табылганов



maxat.tabylganov@yu.edu.kz

Қызметі: «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)
Сабақ беретін пәні: Ұңғыларды жөндеу,  Мұнай беруді арттыру техникасы мен технологиясы, Ұңғымаларды және жабдықтарды пайдалану кезіндегі асқынулармен күресу әдістері, Мұнай және газды өндірудегі технологиялық процестерінің   қауіпсіздігі.
Ғылыми қызығушылығы: Қиын өндірілетін қорлары бар кенорындарда ұңғының өнімділігін арттыру әдістерін жетілдіру.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар гранттық қаржыландыруының «Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану» тақырыбындағы жобасының зерттеу тобының мүшесі (2023-2025жж).
Мақалалар: мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулардың және 40-ден астам басылымдар, соның ішінде алыс шетелдерде және ТМД елдерінде бірнеше рет халықаралық конференцияларға қатысу, нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда мақалалардың авторы.
Марапат: «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша грант иегері, ҚР БҒМ «Құрмет» грамотасы, Ректордың «Құрмет» грамотасы,медаль YU, Ақтау қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Ақтау қаласына 60 жыл» мерейтойлық медалі.
Халықаралық тағылымдамалар: COLORADO School of MINES (АҚШ, Голден қ.) «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша тағылымдама

Leave a Reply