«Экология және геология» кафедрасы

Бораш Бөкенбай Рабимұлы  «Ірі диаметрлі су құдықтарын салудың тиімді технологиясын жасау (Маңғыстау облысы мысалында)» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап,  8D072 – Өндірістік және өңдеу салалары: 8D07208 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)  дәрежесіне ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бораш Ардақ Рабимұлы  «Гидрогеологиялық ұңғымалардағы өнімді қабаттарды игерудің техникалық және технологиялық құралдарын жасау» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап,  8D072 – Өндірістік және өңдеу салалары: 8D07208 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)  дәрежесіне ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Тауова Нурсауле Рауловна  «Теңіз кен орнының мұнай өндіру ұңғымалары шегіндегі инженерлік-геологиялық және геоэкологиялық жағдайларды зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап,  8D072 – Өндірістік және өңдеу салалары: 8D07208 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)  дәрежесіне ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Рыскалиева Дамиля Кенесовна «Атырау қаласы жағдайындағы урбоэкожүйенің күкіртті сутегімен ластануын экотоксикологиялық бағалау» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап,  8D087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы: 8D05201 (6D060800) – Экология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)  дәрежесіне ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, профессор ассистенті  Баймукашева Шынар Хабибуллиевна «Жаңаөзен қаласының коммуналдық тұрмытық сарқынды суларынан улы ингредиенттерді жоюдың биологиялық процестерін зерттеу және  оңтайландыру» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап,  8D087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы: 8D05201 (6D060800) – Экология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)  дәрежесіне ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында ұйымдастырылған “Экология” білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы 24-26 сәуір аралығында өткізілді. Олимпиадаға 16 университеттен 22 команда белсене қатысып, комиссияның шешімімен “Экология және геология” кафедрасының студенттері 1-орын және 2-орынмен марапатталды. Студенттерге 4 жыл бойы теориялық, практикалық білімін кеңейткен барлық кафедра профессор-оқытушылар құрамының үлесі зор және олимпиадаға қатысушылар мен олардың жетекшілеріне Койбакова Сымбат Еламановна мен Тайжанова Лайлым Сабитаевнаға ерекше алғысымызды айтамыз, Сіздерге табыс, шығармашылық жеңіс тілей отырып, биік белестерді бағындыра беріңіздер дейміз. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! 💐

Жеңістеріміз құтты болсын! Үш білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық олимпиадаларда үш жүлделі орынымыз бар!🎓📚🇰🇿🏆

Инжиниринг факультеті Экология және геология кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне алғыс айтамыз!

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен Мирза Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық (меморандумы) аясында академиялық ұтқырлық  бағдарламасын жүзеге асыру  мақсатындағы Ташкент қаласына  «Экология және геология»  кафедрасының а-ш.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Р.К.Махамбетова және аға оқытушы Г.И.Жиенбаева барды. Роза Карымсаковна “Гидрогеология” кафедрасының  профессор оқытушыларымен тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді талқып, «Экология», «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығының студенттеріне «Экологиялық мониторинг», «Экологиялық саясат» , «Су ресуртарын қорғау» пәндерінен дәріс оқыды. Зертханалық кабинеттеріндегі соңғы үлгідегі     құралдарымен танысып, алдағы уақытта бірлесе жасаған жұмыстарымен бөлісетін болады. Осындай мүмкіншілік берген Есенев университетінің басшылығына алғысымыз шексіз!

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жиенбаева Гульбану Измухановна Азияның қақ ортасындағы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына барып, Мирзо Улыгбек атындағы Өзбек Ұлттық университетте дәріс оқып бастағанына бірнеше күн болды. 26 сәуір күні болған “Геологиялық ғылымдардағы мәселелер” атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, Ресей (Саха елі), Башқұртстан және Өзбекстаннның түкпір-түкпірінен келген геологтармен бірге тең дәрежеде “Оңтүстік Манғышлақ триас горизонттарының литологиялық сипаттамасы” тақырыбында баяндама жасады. Ұлттық университеттің Геология факультеті деканы қолынан үздік баяндамасы үшін арнайы сертификат алды. Сонымен қатар, Мирзо Улыгбек атындағы Ұлттық университеттегі бай палеонтологиялық музей, минералогия музейімен танысты. Тарихы тереңде жатқан университетте жоғары дәрежелі ғалымдар жұмыс жасайды, тек ғана ғылым академиктерінің саны 11.  Бізге, оқытушыларға осындай мүмкіндік берген университет, факультет басшылығына алғыс білдіреміз.

22.04.2024 ж. Yessenov University-нің жер құрылысы мен қазба байлығын зерттеуге негізгі еңбектерін арнаған, өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын тәрбиелеуде ұстаздық етіп, бәсекелестік бәйгесінде шәкірттерін шыңдап жүрген «Экология және геология» кафедрасының профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Қожахмет Қосарбай Әбдірахманұлының мерейлі 70 жасқа толуына және ғылым күніне арналған «Жаһандық міндеттер мен ғылыми бастамалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция пленарлық және секциялық отырыстардан тұрды.

Пленарлық отырыс — шетелдік және отандық ғалымдардың, өңірлік өндіріс басшыларының мерейтой иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдіруден басталып, бүгінгі таңдағы салалық мәселелер мен жетістіктер бойынша өз ойларын ортаға салумен жалғасын тапты. Сонымен қатар, еңбек жолында бірге ниеттес, қызметтес болған әріптестері мен шәкірттері ғылым жолындағы ізденістері мен зерттеулерін келтіре отырып, жас буынға жауапты істі жігерлендіре отырып тапсыратынын, ғылым мен білімге үнсіз ғана үлес қосып жүрген ізгі қасиетін атап өтті.

Секциялық отырыс бағыттар бойынша сәтті жалғасын тауып,  спикерлер өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен, тәжірибесімен, сараптамасымен бөлісті.

Осы орайда, білім-ғылым саласына өлшеусіз үлес қосқан, ғылымда өзіндік қайталанбас қолтаңбасы бар Қосарбай Әбдірахманұлын бүгінгі келіп жеткен мерейлі жасымен құттықтаймыз, ғылым жолындағы ізденістері мен азаматтық тұлғасы жастарға үлгі болып, ізденістері сара да салмақты табыстарға ұласуына шын жүректен тілектеспіз!

19.04.2024 ж. Yessenov University Инжиниринг факультеті «Экология және геология» кафедрасының ұйымдастыруымен «ҒЫЛЫМ-МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ» ҒЫЛЫМ АЙЛЫҒЫНЫҢ бағдарламасы аясында

«Білім алушылардың ғылыми-зерттеу әрекеті: ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен формалары» ғылыми семинар өткізілді.

Семинарда:

«Инжиниринг» факультетінің деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Гусманова  Айгуль Гайнуллаевна семинардың ашылуын баяндады.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Экология» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Есенаманова Мансия Санаковна «Startup: теория және тәжірибе» атты тақырыбында

баяндама жасады.

«Экология және экология» кафедрасының профессоры т.ғ.к, Серикбаева Акмарал Кабылбековна, «Ғылыми жоба бағыттары, рәсімделуі және жастарды баулу»  атты баяндама жасады.

«Экология және геология» кафедрасының профессор ассистенті Черкешова  Салима Муналбаевна  «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәні мен оны ұйымдастыру жолдары» атты баяндама жасады.

Семинар соңында Ғылым және зерттеу басқармасының басшысы, «Экология және геология» кафедрасының профессор м.а. Самал Сырлыбекқызы  қорытынды сөз сөйледі.

12.04.2024 ж. Yessenov University Инжиниринг факультетінің Экология және геология кафедрасының жоспарына сәйкес  Қазақстан ғылымының атасы, ұрпаққа мол мұра қалдырған ғалым, геолог, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, «ҒЫЛЫМ – МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ» ғылым айлығының бағдарламасына байланысты университетімізде «Қаныш Сәтбаевтың мұрасы және ұлттық ғылым жүйесі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақстан Ғылым академиясының Тұңғыш Президенті, геологиялық ғылымдар институтын құрушы ғұлама ғалым қазақ даласындағы көптеген пайдалы қазбалар мен кен орындарын алғаш ашып, халық игілігіне пайдалануға қалтқысыз еңбек етті.

Дөңгелек үстел қонақтары жергілікті жердің өндіріс саласына еңбегі сіңген геолог ардагерлері және қазіргі таңда өлке өндірісінде белсене еңбек етіп жүрген жұмыс берушілер мен университет оқытушылар құрамы болды. Айта кетсек; Бақыбай Ахметұлы- ардагер геолог,  Келбет Алмагүл Салихолақызы — Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының сарапшысы (Эксперт ГКЗ РК), Шиланов Нұржан Сисенбаевич — ҚазҒЗИ ҚМГ Геология және игеру қызметінің бастығы, ҚазҒЗИ зертханасының меңгерушісі, Ізтлеуов Тәжікбай — ММГ геолог ардагері, Қарамурзаев Баязи — ардагер мұнайшы, Сағындықов Өрен — ардагер мұнайшы. Сонымен қатар университет докторанттары, магистранттары және студенттері қатысты.

08.04.2024ж. Yessenov University Инжиниринг факультеті «Экология және геология» кафедрасы 6В11201- «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі’ және 8D07208″ Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»  докторантура БББ  білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті !

Аккредиттеу процедурасына  Yessenov University-ге сәуір айының 8-і күні 13 халықаралық және отандық сарапшылар тобы келді. Сарапшылар тобы 2 кластер, яғни 10 техникалық білім беру бағдарламасы бойынша сараптама жүргізген болатын.

Халықаралық және отандық сарапшылар тобы Yessenov University оқытушы профессорлар құрамымен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен және бітірушілермен кездесті. Сондай-ақ, олар факультеттің инженерлік бейіндегі зертханалары мен білім алушылардың практика базаларында болып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының мән-жайымен танысты.

Білім беру бағдарламасы барлық стандарттар бойынша оң шешім көрсеткенін айта отырып, мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өткенін баяндады.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, профессор ассистенті  Боранбаева Асия Нурлыбаевнаның «Қоршаған ортаға техногендік әсерді төмендету үшін мұнай қалдықтарын қайта өңдеу технологияларын ғылыми негіздеу және әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап,  8D087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы: 8D05201 (6D060800) – Экология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)  дәрежесіне ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Инжиниринг факультеті, «Экология және геология» кафедрасының профессор ассистенті   Тайжанова Ляйлим Сабитаевнаны «CASPI BITUM» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС-дегі  құрамында мұнайы бар өндірістік сарқынды суларды тазарту үдерістерін жетілдірудің экологиялық аспектілері» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап,  8D087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы: 8D05201 (6D060800) – Экология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)  дәрежесін иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Yessenov Univtrsity Инжиниринг факультеті  деканы Гусманова Айгул Гайнуллаевна мен      «Экология және геология» кафедрасының философия докторы Койбакова Сымбат Еламановнаны елдегі ЖОО 150 үздік оқытушы  атағы иеленуімен құттықтаймыз!

Республика бойынша жыл сайынғы дәстүрлі 75 мемлекеттік ғылыми стипендияның 1-еуі биыл Yessenov University-нің Инжиниринг факультеті, Экология және геология кафедрасының,техника ғылымдарының кандидаты, «Экология және геология» кафедрасының профессоры 📚Серікбаева Ақмарал Қабылбековна иеленді!

Сонымен қатар 🎀Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия PhD доктор, «Экология және геология» кафедрасының  профессор м.а. 📚Сырлыбекқызы Самал иеленді.

Yessenov University ғалымдарын осынау жоғары мәртебелі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз. Ғылым жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар мен шығармашылық сәттіліктер тілейміз! Республикамыздың ғылым мен жоғары білім беру жүйесінің дамуына айтарлықтай мол үлес қоса бергейсіздер!

30.04.2024 ж. Yessenov University-де еліміздегі ғылым қызметкерлері күніне орай өткен «Ғылым – Маңғыстау өңірінің тұрақты даму негізі» атты ғылым айлығының жабылу салтанаты өтті🔬

Университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерін насихаттау үшін гранттық қаржыландыру негізінде іске асып жатырған жобалар мен ғылыми еңбектерінің көрмесі, кездесулер, көрмелер, байқаулар мен ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбектері мен адал қызметтері үшін Yessenov University, Инжиниринг факультеті «Экология және геология» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к доцент, Нурбаева Фарида Куанткановна және PhD философия докторы Тайжанова Лайлым Сабитаевна Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Құрмет грамотасымен марапатталды.  Сонымен қоса PhD философия докторы Тайжанова Лайлым Сабитаевна Есенов университетінің төсбелгісімен марапатталды🏅және PhD философия докторы, Койбакова Сымбат Еламановна Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар профессор ассистенттері, Жиенбаева Гүлбану Измухановна мен Қылышбаева Нурлыгул Жанашаевна ректордың алғыс хатымен марапатталды. Әріптестерімізді ғылым жолына қосқан ерен еңбектері үшін шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта да бірлесе жасаған еңбектері арта берсін! 💐