«Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасы

«Атамекен» рейтингінде 3-ші орын

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаламаларының рейтингісі-2025 бойынша «Мұнай химиялық инжиниринг» кафедрасының 6В07210 Мұнай-газ инжинирингі білім беру бағдарламасы еліміздің 17 ЖОО арасында «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы арасындағы рейтингінде 3-орын иеленді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді. Негізі, рейтинг жоғары оқу орындарының артықшылықтарын анықтау, беделін көтеру және білім беру сапасының ұлттық және халықаралық нарықта деңгейін көтеруге бағытталған. Ал ЖОО-лар рейтингі негізгі 17 критерий бойынша жүргізілуде. Басты талап – жұмыспен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа айлық еңбекақысы, оқу аяқтаған соң жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ, бағдарламалардың өзектілігін бағалау. Сондықтан аталмыш рейтингтің өзіндік маңызы жоғары.

6 оқытушымыз қауымдастырылған профессор(доцент) ғылыми атағын алды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының  6 оқытушысына Баямирова Рыскол Умаровнаға, Тогашева Алия Ризабековнаға, Жолбасарова Акшырын Тангалиевнаға, Сарбопеева Маншук Дагистановнаға, Каражанова Марал Койлыбаевнаға «20700-қоршаған орта инженериясы» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор(доцент)  және Аккенжеева Анар Шынабаевна «Химиялық инженерия» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор(доцент) ғылыми атағы берілді.

Оқытушыларымызға табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз!

Профессор ғылыми атағын алды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінң Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессоры(доцент) Нуршаханова Лаззат Кулжановнаға 20700-Энергетика және табиғатты ұтымды пайдалану бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Оқытушымызға табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз!

Кафедраның 2 оқытушысы ұтқырлық бағдарламасы аясында Германияның Клаусталь техникалық университетінде болып қайтты

2024 жылдың 2-19 желтоқсан аралығында «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары (доцент) Каражанова Марал Койлыбаевна және  Бисембаева Карлыгаш Танбаевна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Германияның Клаусталь техникалық университетінде болып қайтты. Сапар барысында арнайы пәндер бойынша сабақтар өткізіп, бұл білім алмасуға және қабылдаушы тараптың оқытушылары мен студенттері арасында кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етті. Сонымен бірге студенттердің халықаралық техникалық конгресіне әділқазы комиссиясында болып та үлгерді. Сапардың негізгі аспектілерінің бірі «Евротехника» компаниясында біліктілікті арттыру болды. Бағдарламаның бұл бөлімі білім беру және ғылыми қызметте қолданылатын заманауи технологиялар мен инновациялармен танысуды қамтыды. Алынған білім оқыту тәжірибесіне және ғылыми зерттеулерге жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сапар аясында жоғары дәлдіктегі зертханалық жабдықтарды өндіруге маманданған «Крусс» фирмасына бару жүзеге асырылды. Ерекше назар университетіміз жүзеге асырып жатқан мегажоба аясында жабдықтау базасын жақсарту үшін қажетті жабдықтарды сатып алу перспективаларын талқылауға  салынды.

Бұл сапар академиялық ұтқырлықты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім беру үдерісіне инновацияларды енгізу жолындағы маңызды қадам болды. Алынған білім мен тәжірибе кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге және ғылыми-оқыту қызметінің одан әрі дамуына жағдай жасауға ықпал етеді.

«Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының студенттері 2024 жылдың қараша айында Атырау қаласында өткен Халықаралық мұнай инженерлері қоғамы (SPE) халықаралық техникалық конференциясына және студенттерді дамыту саммитіне қатысты

«Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының  студенттері 2024 жылдың қараша айында Атырау қаласында өткен Халықаралық мұнай инженерлері қоғамы (SPE) халықаралық техникалық конференциясына және студенттерді дамыту саммитіне қатысты. Бұл шара әртүрлі елдердің болашақ инженерлерін, зерттеушілерін және мұнай-газ саласының белді мамандарын біріктіреді. Конференция асяында болып жатқан Студенттерді дамыту саммиті бағдарламасының негізгі бағыттары студенттік жобалар байқауын және мұнай саласының жетекші сарапшыларының техникалық сессиялар мен дәрістеріне қатысуды қамтиды. Сонымен қатар саммит барысында студенттер әртүрлі елдердегі әріптестерімен кездесуге, инновациялық тәсілдер мен озық тәжірибелерді талқылауға мүмкіндік алады.

Осындай деңгейдегі іс-шараларға қатысу біздің студенттерге кәсіби қызметінде олар үшін пайдалы болатын бірегей білім алуға мүмкіндік береді. Олар жаһандық кәсіпқой қауымдастықтың бір бөлігіне айналады, бұл олардың одан әрі дамуына ықпал етеді.

ЖОО үздік оқытушысы – 2024

Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары(доцент) Жолбасарова Ақшырын Таңғалиқызы және Аккенжева Анар Шынабайқызы «ЖОО үздік оқытушысы – 2024» байқауының жеңімпаздары атанды. Оқытушыларымызға табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз!

КАФЕДРА ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ҚР ҒЖБМ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫМЕН 1 ЖОБА ҰТТЫ.

«Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасыныңың оқытушылар құрамы қауымдастырылған профессоры(доцент) Жолбасарова Ақшырын Танғалиеваның жетекшілігімен  ҚР ҒЖБМ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫМЕН 2023-2025 жылдар аралығында 99 млн теңге көлемінде «Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асыруда.

ГРАНТ ИЕГЕРІ

«Мұнайхимиялық инжинирингі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры(доцент) К.Т. Бисембаева «Сутегі энергетикасы» мамандығы бойынша Hamburg University of Applied Sciences (Германия) ғылыми тағылымдамадан өтуге «500 ғалым»бағдарламасы бойынша ҚР ҒЖБМ грантымен тағлымдамадан өтіп келді.

Yessenov University Инжиниринг факультеті деканы, Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессоры(доцент), профессоры Гусманова Айгул Гайнуллаевна елдегі ЖОО 150 үздік оқытушы атағы иеленді.

Yessenov University Инжиниринг факультеті  деканы, Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессоры(доцент), профессоры Гусманова Айгул Гайнуллаевна елдегі ЖОО 150 үздік оқытушы  атағы иеленді.

8D07210 – Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша Бекбаева Раушан Аскаровнаға және Кунаева Гаухар Ермековнаға философия докторы (PhD) дәрежесі тағайындалды!

15 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 416 және № 417 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығына сәйкес 8D07210 – Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша Бекбаева Раушан Аскаровнаға және Кунаева Гаухар Ермековнаға философия докторы (PhD) дәрежесі тағайындалды!

Жас ғалымдарды құттықтай отырып, оларға ғылыми салада табысты еңбек, зерттеушілік ізденіс, шығармашылық шабыт тілейміз!

«Инжиниринг» факультетінің «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының ұжымын ғылыми әлеуеттілікті қалыптастырудағы ерен еңбектері үшін алғыс білдіреміз

8D07210 (6D0700800) – «Мұнайгаз ісі» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес отырысында 2 докторантымыз доктор PhD дәрежесін алуға ұсынған диссертацияларын сәтті қорғады!

4 қазан күні Есенов университетіндегі 8D07210 (6D0700800) – «Мұнайгаз ісі» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес отырысында докторанттарымыз Хадиева Альбина Сағынғалиқызының «Жоғары тұтқырлы мұнай кеніштерінде физика-химиялық әсер ету технологиясының тиімділігін арттыру» және Жетекова Ляззат Бишебаеваның «Батыс Қазақстандағы қиын шығарылатын мұнай қорлары бар кенорындарын пайдалану тиімділігін арттыру» тақырыбындағы PhD дәрежесін алуға ұсынған диссертациялары сәтті қорғалды!

Докторанттарымызға алда ҒЖБССҚК-нен PhD дәрежесін алуларына тілектеспіз!

«Көмірсутек сұйықтықтары мен химиялық реагенттерді сынау: нәтижелерді талдау және енгізу» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар өтті

03 қазан күні Есенов университетінде («MIRUM LAB «ҰКП» ЖШС, «PSL Systemtechnik GmbH», «Krüss GmbH» (Германия)) Германия компанияларының өкілдері мен ғалымдары  және «Мұнайхимиялық инжиниринг»  кафедрасымен біріккен «Көмірсутек сұйықтықтары мен химиялық реагенттерді сынау: нәтижелерді талдау және енгізу» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Семинарды зерттеу жəне даму жөніндегі вице-президент Сейдалиев Асқар Әбиұлы  ашып берді.

PSL Systemtechnik GmbH басшысы Dr.-Eng. Jens Pfeiffer «АСПО кристалдануынан бастап шөгінділерге дейін: парафинді мұнайды сынау әдістері», KRÜSS GmbH аймақтық директоры Dr.-Eng. Robert Minch, «Жоғары қысым мен температура кезіндегі әртүрлі сұйықтықтар жүйесіндегі фазалық және фазааралық өзгерісі»,  Clausthal University of Technology профессоры Dr. Philip Jaeger » Өндірудің жоғары деңгейі бар кен орындарында ағынның үздіксіздігін қамтамасыз етуге арналған жоғары тиімді химиялық құрамдар (БӘЗ)» әзірлеу тақырыптарында баяндама жасады.

Ғылыми-практикалық семинар соңын «НПП «MIRUM LAB» ЖШС директоры Захаров Алексей Дмитриевич «PSL Systemtechnik GmbH шығарған Cold Finger» MCF- 2″ типті қондырғысына демонстрациясы жасаумен аяқтады.

Бұл ғылыми-практикалық семинарда мұнай-газ және мұнай-химия салаларының өзекті мәселелері талқыланды.