Леобен Университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен барып

Халықаралық ынтымақтастық аясында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг   Университеті (Есенов университеті) академиялық ұтқырлық бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда, себебі өңірдің бизнес-үрдістеріне тартылған, оның әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ете отырып, кадрлық ресурстың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін мұнай-газ саласының бәсекеге қабілетті және креативті мамандарын дайындау міндеті тұр.

Биыл Есенов университетінің инжиниринг факультетінің 6В07211- «Бұрғылау инжиниринг» 3 курс студенттері Аркабеков Елжан мен Имантаев Әділ мемлекеттік грантпен оқи жүріп, академиялық ұтқырлық конкурсына қатысып, Австрия, Леобен  Университетіне жолдама ұтып алды. Осы студенттер ағымдағы оқу жылының 1-ші семестрінде Леобен  Университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен барып, оқуларын сәтті аяқтап келді.

University of Leoben или Montanuniversität Leoben (MUL) — 1840 жылдан жұмысын бастаған Австриядағы мемлекеттік жоғары оқу орны. Леобен университеті әлемдегі ең мықты  университеттің қатарына кіреді.

Leave a Reply