Радик Ақжол джиу-джитсудан әлем чемпионы

Грецияның ежелгі тарихына куә болған Ираклион қаласында қараша айында өткен өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында біздің елдің туын желбіретіп, ерлік көрсеткен «Мұнайгаз инжиниринг» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенті Радик Ақжолға барша жанкүйерлердің алғысы шексіз. 140-тан астам елдің мықтылары жиналған бұл додада жас батырымыз, өз университетіміздің мақтанышы, 85 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарының бәрін бірінен соң бірін жеңіп, алтын тұғырдан көрінді.
Қазақстанды әлемге танытып, көк байрағымызды көкте желбіреткен Радикке шексіз алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруін тілейміз!

Leave a Reply