«Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС филиалы

Қазіргі уақытта Yessenov University мен «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС арасында ұзақ мерзімді меморандум жасалды.

Ақтау машина жасау зауыты филиалының негізгі мақсаты — студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып, өз ісін жетік меңгерген бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Филиал меңгерушісі, «Ақтау машина жасау зауытының» бас инженері Л. Жәңгірханқызы «Конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу», «Автоматтандырылған жобалау жүйелері», «Материалдарды өңдеудің озық жүйесі» пәндері бойынша сабақтар өткізеді.

«Машина жасау» және «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер зауытта өндірістік тәжірибеден өтеді. Қазіргі уақытта зауытта кафедра түлектері Л.Жәңгірханқызы, В. Ли, Ф.Жангирханкызы жұмыс істейді.

Leave a Reply