«Схемотехника» зертханасы
Функцияларының тиімді орындалуын және құрамына кіретін элементтерінің параметрлері дұрыс есептелуін жасақтау мақсатымен радиотехника, байланыс, автоматика, есептеу техникасының жеке аспаптарын саралау және синтез жасау мәселелерімен шұғылданатын ғылыми техникалық бағыт. Ол құралдар белгіленген жұмыстарды оңталы орындау және оларға кіретін элементтердің параметрлерін есептеу мақсатында қолданылады.
«Компьютерлік графика және 3D визуализация» зертханасы
Студенттердің графикалық редакторларда және үшөлшемді графиканы құру жүйелерінде тәжірибелік жұмыс дағдыларын алу үшін бакалавриат және магистратура пәндерінің кең ауқымы бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ компьютерлік графика, үшөлшемді визуализация саласында білімді тиімді меңгеруге арналған.
«Деректор қоры» зертханасы
Деректер қорын ақпараттармен толықтыруға және жұмыс істеуге болатын программалау тілдеріне арналған. Деректер қорын және оларға қажетті басқару элементтерін енгізуіне және әдістер негізгілерін меңгеруге арналған.
«Ақпараттық қауіпсіздік» зертханасы
Ақпаратты сақтауға және жіберуге арналған жүйелер мен жабдықтарды қоса, оның маңызды элементтерін сақтау және қорғау. Ақпараттық қауіпсіздікті қорғауға қажетті технологиялар, стандарттар және басқару әдістерін әдістерінің негізгілерін меңгеруге арналған.
«Алгоритмдеу және бағдарламалау» зертханасы
Алгоритм бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін жұмысты қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін, есептерді шешу тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритмдеу – электрондық есептеуіш машинадағы (ЭЕМ) есептерді шешудің алгоритмін жасау әдісіне арналған.
«Мобильді қосымшалар және веб-технологиялар» зертханасы
Мобильді қосымшалар және Web технологиялар» зертханасы IOS қосымшаларын әзірлеуге, Android қосымшаларын құруға, BlackBerry, WEB бағдарламалауға, заманауи сайттар құруға арналған.
«Бұлтты технология» зертханасы
Бұл пайдаланушыларға интернет қызметі ретінде түрлі аппараттық құралдар, бағдарламалық қамтамасыздандыру, әдістемелер мен құралдар ұсынылатын таратылған мәліметтерді өңдеу технологиясын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға арналған.
«Электротехника, электроника және электрлік өлшеулер» зертханасы
Зертхана «Электротехниканың теориялық негіздері» және «Электроника негіздері», «Ақпараттық-өлшеу техникасы» курстарында зертханалық және практикалық сабақтарды өткізуге арналған. Зертхана электротехника негіздерін, электр тізбектеріндегі өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерін, тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін зерттеуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар электроника негіздерін оқып білуге және жартылай өткізгіш құрылғыларды қолдана отырып зертханалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.