Yessenov University 2023-2025 жылдарға арналған ҚР ҒЖБМ «Жас ғалым» жобасы

Yessenov University 2023-2025 жылдарға арналған ҚР ҒЖБМ «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерінің гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша 4 жоба ұтты. Оның екеуі «Экология және геология» кафедрасының профессор ассистенттері Койбакова Сымбат Еламановна және Джаналиева Нургуль Шарипкалиева.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ( ҚР ҒЖБМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары төмендегідей жобалар бойынша іске асады.

Бұл жобалар:

  1. PhD, “Экология және геология” кафедрасының меңгерушісі Сымбат Коибакова Еламановнаның “Ақтау және Құрық портының су айдынының спутниктік мониторингі” тақырыбындағы жобасы (ғылыми кеңесші PhD, профессор Самал Сырлыбеккызы .);
  2. “Жаратылыстану ғылымдары” кафедрасының профессор ассистенті А.Е. Жидебаеваның “ГАЖ технологияларын қолдана отырып, Шетпе-Оңтүстік бор карьерлері аймағының биолалуантүрлілігін сақтаудың экологиялық аспектілерін ғылыми негіздеу” тақырыбындағы жобасы (ғылыми кеңесші PhD, профессор Сырлыбекққызы С.);
  3. “Экология және геология” кафедрасының профессор ассистенті Шарипкалиевна Нургуля Джаналиеваның “Ақтау қаласы аймағындағы Каспий теңізінің шығыс жағалауының экологиялық жағдайларын кешенді зерттеу және бағалау” тақырыбындағы жобасы (ғылыми кеңесші: т.ғ.к., профессор Акмарал Серикбаева Кабылбековна);
  4. “Энергетика және машина жасау” кафедрасының профессор ассистенті, оқытушы-зерттеуші Dimash Baimbetov Д.Б. Баимбетовтің “Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірі жағдайында теңіз суын тұщыландыруға арналған күн жылу сорғысы жүйесін модельдеу және әзірлеу” тақырыбындағы жобасы.

Қаржыландырылатын барлық жобаларымыз да 2022 жылдың 7 қарашасында мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың облыс халқымен кездесуіндегі өңірдің ерекшелігіне тоқталып, өлкемізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға берген тапсырмаларын қамтиды. Атап айтқанда, Каспий теңізін зерттеу, өңірді таза ауыз сумен қамтамасыз ету және Шетпе кентіндегі карьерлердің қоршаған ортаға әсерін азайту

мәселелерін шешу бойынша!

Барлық жоба жетекшілерін және озық ойлы, ұшқыр қиялды  ізденімпаз жас ғалымдарымызды шын жүректен  құттықтаймыз! Жас ғалымдарымызға нәтижелі ғылыми зерттеу тілейміз!

Сіздерге зор денсаулық, шабыт, қазақстандық ғылымның игілігі үшін жаңа табыстар мен ғылыми  жетістіктер және де ғылымдағы өнегелі істеріңізге табыс тілейміз!

#yessenovuniversity,  #инжиниринг  #yuscience, #Каспийтеңізінзерттеу, #ауызсуменқамту, #карьерлердіңәсерінзерттеу

Leave a Reply