1. ҚР ҒБМ ғылыми жоба «Біртекті емес қабаттары бар кен орындарындағы өндіруші ұңғымалардың жұмыс тиімділігін арттыру»
Мақсаты: Флюидтердің және коллекторлардың күрделі құрылымдары бар біртекті емес қабаттарға әсер ету жолымен ұңғымалардың мұнай бойынша дебиттерін ұлғайту
Міндеттері: 1. Маңғыстау кен орындарындағы өндіруші ұңғымаларда қабат өнімділігінің өзгеру дәрежесін зерделей отырып, зерттелу жағдайына талдау жүргізу.
- Қабаттарды гидродинамикалық зерттеу жолымен ұңғыма өнімділігінің өзгеруін зерттеу. Қабат сипаттамасы өзгеруінің ұңғыманың түп маңы аймағындағы сүзілу параметрлеріне тәуелділігін анықтау.
- Өндіруші ұңғымалардағы қабат және түп қысымдары өзгеруі кезінде түп маңы аймағында флюидтерді сүзудің сызықтық заңының бұзылуын зерттеу және ұңғымалардың тиімді өнімді сипаттамасын анықтау. Ұңғыма қабаттарындағы қысымның ауытқуына өнімділіктің тәуелділігін орнату
- Ұңғыма жұмысына геологиялық-технологиялық факторлардың әсер етуін кешенді талдау.
- Жұмыс агентін айдау мерзімінде қабат қысымының өзгеруі кезінде біртекті емес қабаттың жұмыс істеп тұрған көлемдерінің өзгеруі бойынша теориялық және кәсіптік деректерге талдау жүргізу.
- Ұңғыма жұмысының тиімділігін арттыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.
Жұмыс жетекшісі: PhD, доцент Каражанова М.К.
2. Ғылыми жоба ҚР БҒМ «Қиын жағдайда кен орындардың пайдалану процесінің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа геологиялық-техникалық шараларды орнату»
Мақсаты: Кен орындардан көмірсутек қорларын игеру дәрежесін жоғарылату және кеніш пен қабаттың түп маңы аймағына әсер ету бойынша технологияларды жетілдіру туралы шешімдер қабылдау.
Міндеттер: 1. Маңғыстаудың кейбір кен орындарын мысалға ала отырып кен орындарын игеру динамикасына статистикалық талдау жүргізу
- нақты кенорындардың қабаты түп маңының жағдайын бағалау
- Ұңғымаларды тесу аралықтарын тазартудың жаңа әдісін қолдануды негіздеу
- полимермен әсер ету тиімділігіне қабаттың әртектілігінің әсерін зерттеу
- Маңғыстау кен орындарында қолданылатын ГТШ және кенішке әсер ету әдістерінің тиімділігін арттыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау
Жұмыс жетекшісі: .т.ғ.д., профессор Закенов С.Т.
3. Ғылыми жоба ҚР БҒМ «Қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін мұнай кен орындарын игерудің геологиялық-физикалық және технологиялық көрсеткіштерін болжау»
Мақсаты: Қолданыстағы геологиялық-технологиялық үлгілерді әзірлеу мен бейімдеудің ағымдағы міндеттерін шешу үшін пайдалану объектісінің жай- күйі туралы ақпаратты жинау және өңдеу тәсілдерін жетілдіру арқылы кен орындарды игерудің тиімділігін арттыру
Міндеттері: 1.Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттерін бағалау әдістеріне және ұңғымалар қорының жай- күйінің өзгеру серпінін болжау әдістеріне, Маңғыстау кен орындарының өндіру көлемі мен алынатын қорларын бағалау әдістеріне талдау жүргізу;
- Ұңғымаларды пайдалану деректері бойынша өнімді қабаттардың қабат қысымын және коллекторлық қасиеттерін жедел анықтау әдістерін зерттеу және әзірлеу;
- Өнімді қабаттардың қасиеттерінің, ұңғымалардың дебиті мен ұңғымалар қорының жай- күйінің өзгеру динамикасының біртекті еместігін болжау міндеттерін шешу кезінде процестер теориясын қолдану бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу;
- Геологиялық-физикалық өрістерді болжау, оның дәлдігін болжау мен бағалауды түзету әдістерін әзірлеу.
Жұмыс жетекшісі: т.ғ.к., доцент Сабырбаева Г.С.
4. Ғылыми жоба ҚР БҒМ «Бұрғылау ерітінділерінің рецептурасын жобалау жолымен ұңғымаларды бұрғылау тиімділігін арттыру»
Мақсаты: Бұрғылау аралықтары бойынша бұрғылау ерітінділерінің рецептураларын жобалау және бұрғылау аралықтары бойынша химиялық реагенттердің қажетті мөлшерін анықтау және бұрғылау процесінде бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін басқару
Міндеттері:
- Бұрғылау жұмыстары басқармаларында қолданылатын бұрғылау ерітінділеріне талдау жүргізу
- Белгілі бір кен орындары қабатының түп маңы аймағын ашу дәрежесін бағалау
- Маңғыстау кен орындарында қолданылатын бұрғылау ерітінділерінің рецептурасын таңдау тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Жұмыс жетекшісі: т.ғ.к., доцент Садуакасаов Д.С.
5. «Optimum» жобалау институты» ЖШС шаруашылық келісім шартымен қаржыландырады «Шағырлы-Шөмішті кенорны ұңғымаларының сазды және кольматацияланған қимасын химиялық өңдеу»
Мақсаты: Ұңғымалардың сазды және кольматацияланған қимасын сазды қышқылымен химиялық өңдеу үшін реагенттерді таңдау
Міндеттер:
1. Шағырлы-Шөмішті кен орны тау жынысының тәжірибелік үлгісінде химиялық өңдеу жүргізу үшін зертханалық жағдайларда саз қышқылының құрамын таңдау.
2. Ұңғыма оқпанын кешенді химиялық өңдеу үшін ингибиторлар, интенсификаторлар мен тұрақтандырғыштарды таңдау.
3. Зертханалық-тәжірибелік жағдайларда жыныстың тәжірибелік үлгісінде химиялық өңдеу жүргізу.
- Зертханалық жағдайда химиялық өңдеуге дейінгі және кейінгі кеуектілік пен өткізгіштік сияқты қабаттың коллекторлық қасиеттерінің мәнін анықтау
Жұмыс жетекшісі: т.ғ.к., доцент Бисембаева К.Т.