1. Ғылыми зерттеу жұмысы «Қысқы бетондау тиімділігін арттыруды зерттеу»
Жұмыстың мақсаты. Құрылыс композитінің қасиеттерін болжау теориясының ғылыми негіздерін әзірлеу. Әсер ету кезінде берілген қасиеттерді қамтамасыз ету технологиясы.
Зерттеу нысаны бетон қатып қалуының алдын алу мақсатында жаңа төселген бетон қоспасына технологиялық әсер ету болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Көп компонентті жүйелердің (бетондар мен ерітінділер) беріктікті, ұзақ мерзімділікті болжау теориясы дайындалды және ерте қату кезінде теріс температуралармен әсер ету кезіндегі физикалық-химиялық өзгерістерін ескере отырып аталған қасиеттерді қамтамасыз етудің практикалық әдістері әзірленді.
Қолдану саласы. Алынған нәтижелер Петропавл қ. «Петропавловскстрой» ААҚ, Көкшетау қ. «Құлагер» ЖШС, Петропавл қ. «Лира» ЖШС, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде пайдаланылды. Петропавл қаласыҚозыбаев атындағы университетте және Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде дәріс оқу және практикалық, зертханалық сабақтар өткізу барысында қолданылады.
Жұмыс жетекшісі: т.ғ.д., профессор Бржанов Р.Т.
2. Ғылыми зерттеу жұмысы «Құбырлардың жылуоқшаулағыш тиімділігін арттыруды зерттеу»
Жұмыстың мақсаты. Жылуөткізгіштігі төмен әртүрлі материалдардан жасалған құбырлардың жылуөткізгіштігін болжау теориясының ғылыми негіздерін әзірлеу.
Зерттеу объектісі әртүрлі әдістермен және әр түрлі материалдардан жасалған құбырларды жылу оқшаулау болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Оқшаулаушы материалы разрядталған ауа болып табылатын құбырларды оқшаулаудың инновациялық технологиясы ұсынылды.
Қолдану саласы. Алынған нәтижелерді тұрғын-коммуналдық шаруашылықтарда, мұнай-газ саласында құбырларды жылу оқшаулауға пайдалану жоспарланып отыр.
Жұмыс жетекшісі: т.ғ.д., профессор Бржанов Р.Т.
Орындаушылар:т.ғ.к, доцент Жайылхан Н.А., PhD Байсарова Г.Г., магистр Есболай Г.И.