Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану

14.09.2023ж., Yessenov University ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру бойынша «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының «Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану» тақырыбындағы жобасының талқылау отырысы өтті. Тақырыпқа байланысты көптеген мәселер қаралып, бұл жоба аясында магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеу аясын кеңейту мәселелері шешілді, себебі осы жобаның күтілетін нәтижелерін әлеуетті тұтынушылары мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар және магистранттар мен PhD докторанттар.

Маңғыстау өңірінің кенорындары бойынша қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру технологияларының тиімділігін сараптау үшін өндіріс орындарымен тығыз байланыстар орнатылып, жоба аясында зертханалық қондырғылар алынып, оқу ордасының да оқу үрдісі мен ғылыми әлеуеті одан әрі дамитын болады

Leave a Reply