Профессор PHAM TUAN шақырылды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына шетелдік сарапшыларды тарту бағдарламасы шеңберінде 2023 жылғы 14 желтоқсан мен 2024 жылғы 11 қаңтар аралығында Yessenov University-нің «Инжиниринг» факультетіне ғылыми семинарлар, дәрістер өткізу, ғылыми мақалалар дайындау және білім беру бағдарламаларын рецензиялау үшін шетелдік ғалым Вьетнамның жетекші техникалық университеті Ho Chi Minh City University of Technology and Education (HCMUTE), профессор PHAM TUAN шақырылды.

Бекітілген ғылыми іссапар жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 16 желтоқсанда шақырылған ғалым «Инжиниринг» факультетінің «Машина жасау және көлік» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізіп, оларды қазіргі білім беру контекстінде Ho Chi Minh City University of Technology and Education (HCMUTE) техникалық университетінің инновациялық қызметінің ерекшеліктерімен таныстырды.

Оларға машина жасау, электрондық инженерия және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді біріктіруге бағытталған мехатроника және робототехника саласындағы ғылыми қызығушылықтарының бағыттары таныстырылды.

Leave a Reply