Алматы қаласында Халықаралық білім беру корпорациясында сәуірдің 29-30 аралығында да пәндік олимпиада өткізілді

Республикалық олимпиада студенттерге болашақ мамандардың арнайы кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатында өткізіледі және дарынды студент жастарды қолдау факторларының бірі болып табылып, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысатын команданы қалыптастыру болып саналады. Олимпиадаға еліміздің 15 ЖОО келген студенттер «Геодезия», «Жерді мемлекеттік есепке алу», «Жер кадастры» бағыттар бойынша өз білімдері мен біліктілігін көрсетті.
Қатысушылар бәсекеге түсіп, керемет қабілеттері мен таланттарын көрсетіп «Құрылыс инжиниринг» кафедрасының 6В07307 – Кадастр білім беру бағдарламасының студенттері: ҚУАНЫШБАЕВА ДИНАРА АЙҚОСҚЫЗЫ, ҚАРТБАЙ ҒИМРАН СЪЕЗДҰЛЫ, ДЖАУГАШТИЕВ МИРАС АЙТҚҰЛҰЛЫ, техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. ЖАЙЫЛХАН НУРАДИН АЛИЕВИЧ ғылыми жетекшілігімен қатынасып жеңіспен оралды.
Олимпиадаға қатынасқан 15 ЖОО студенттер білім және зерделілігін көрсетіп, комиссия шешімімен команда бойынша III орынды жеңіп алды.
Төмендегі студенттер пәндер бойынша Джаугаштиев Мирас «Жерді мемлекеттік есепке алу» пәні бойынша III- дәрежелі диплом, Қартбай Ғимран «Геодезия» пәні бойынша III- дәрежелі дипломмен жеңіп алды. Студенттерге және жетекші Нурадин Алиевичке ерекше алғысымызды айтамыз. Жеңістеріңіз құтты болсын!

Leave a Reply