Студенттік жобаларды практикалық инженерлік өнімге көшіру

28.12.2023ж. күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына шетелдік сарапшыларды тарту бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес, Ho Chi Minh City University of Technology and Education профессоры PHAM TUAN Yessenov  University жас ғалымдары, докторанттары, магистрлері мен студенттері үшін «Студенттік жобаларды практикалық инженерлік өнімге көшіру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында ғалым студенттік аудиторияны бизнес-жобалар ерекшеліктерінің теориялық аспектілерімен және оларды жоғары оқу орындары түлектерінің бітіру біліктілік жұмыстары шеңберінде практикалық қолдану үшін инженерлік шешімдермен таныстырды.

Профессор PHAM TUAN білім алушыларға инженерлік мамандықтардың түлектері мемлекет экономикасын инновациялық дамыту мақсатында заманауи инженерлік ортада қосылған құны бар күрделі инженерлік жүйелерді әзірлеуге, жобалауға, енгізуге, пайдалануға қабілетті болуы тиіс деген алғышартқа негізделген «Инженерлік білімге тәжірибеге бағдарланған тәсіл» презентациясын ұсынды.

Оқыту семинарының тақырыбы белсенді талқылау форматында өтті. Профессор PHAM TUAN семинар тақырыбы бойынша студенттік аудиторияның сұрақтарына жауап беріп, инженерлік мамандықтар студенттерінің курстық және дипломдық жобалау процесінде инновациялық-жобалық қызметке дайындығын қалыптастыру білікті инженерлік білімді практикада табысты қолданудың кепілі екенін атап өтті.

Leave a Reply