Декан таныстыру

Қайырлы күн құрметті студент жастар! Жаңа жылмен қатар келген қуанышты жаңалық,  факультетімізге жаңа декан болып Гусманова Айгуль Гайнуллаевна тағайындалды. Жаңа деканымыз туралы шағын таныстырып өтер болсақ.

Гусманова Айгул Гайнуллаевна   1996 жылдан Ш.Есенов атындағы КМТИУ-де оқытушы болып бастап, кафедра профессорына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. 2018  ж.- Үздіксіз білім беру институтының директоры, 2019 ж . — Базалық факультеттің деканы болды.

2008 жылы Ш.Есенов атындағы КМТИУ-да 3 студенттің жоба тақырыптары бойынша жетекшісі болып, оқу орнының ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған грантын жеңіп алды.

2011 жылы ҚР БжҒМ-нің «2010 жылдың үздік оқытушысы» грантын жеңіп алып, жоспарға сәйкес жазда Германияда ғылыми тағылымдамадан өтті.

2012 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша грант иегері атанды және Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының Мұнай және газ геология институтында тәжірибеден өтті.

2020 жылы Маңғыстау облысының әлеуметтік, экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және қоғамдық белсенді қызмет үшін Маңғыстау облысының әкімі, Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы С. Трұмовтың алғыс хатымен марапатталды.

Құрметті Айгул Гайнуллаевна сізге факультетімізді биік шыңдарға жетелеу жолында жұмысыңызға сәттілік тілейміз!