2023 жылдың 24 қыркүйегі күні «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы «ҚазМұнайГаз» ҰК» волонтерлері жолдаған эко челлендж аясында тазалық акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияға Yessenov University-дегі Инжиниринг факультетінің 40-тас астам білім алушылары мен оқытушылары қатысты. Тазалық жұмыстары Каспий теңізі жағалауының 43-шақырымындағы демалыс аймағында өтті. Сенбілікке қатысушылар 100-ден астам қап тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап, арнайы техника көмегімен жүк көлігіне тиеп, полигондарға жөнелтті.

