«Адалдық сағаты» өтті

2023 жылдың 14 қыркүйегінде «Инжиниринг»факультетінде адалдық пен оның құндылықтарын нақтылауға, азаматтық ұстанымын дәріптеуде  өзінің пікірі мен ұстанымын жеткізе білуге, жалпы  жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған «Адалдық сағаты» өтті. Адалдық сағатында   «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетің» академиялық адалдық кодексі кеңінен талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жиын барысында  техника ғылымдарының қандидаты Қожахмет Қосарбай Әбдірахманұлы пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор, ғылым академиясының академигі Ш.Есеновтың өмір жолымен білім алушыларды таныстырды.  Жиында «Саналы ұрпақ» клубы жетекшісі Г.Қ. Изтурганова да сөз алып, клуб қызметін кеңінен баяндап, сыбайлас жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырды.

Leave a Reply