Yessenov University «Инжиниринг» факультетінде бекітілген ғылыми іссапар жоспарына сәйкес, профессор Pham TUAN 19.12.2023ж. -29.12.2023ж. аралығында «Технологиялық процестерді автоматтандырылған жобалау жүйелері» және «Зерттеудің инновациялық әдістері және коммерцияландыру» пәндері бойынша «Машина жасау» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін ағылшын тілінде дәріс және практикалық сабақтар өткізді.
«Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін оқу сабақтарын өткізу барысында аталған пәндер бойынша өзекті тақырыптар ашылды. Магистранттар заманауи әлемдік машина жасауда қолданылатын ТП АЖЖ-мен танысты. Машина жасау саласындағы инновацияларды коммерцияландырудың тиімділігін бағалаудың заманауи әдістері мен критерийлерін зерттеді. Сабақта Ho Chi Minh City University of Technology and Education (HCMUTE) техникалық университетінде магистранттармен және аспиранттармен ғалымдар орындаған түрлі жобаларды іске асыру және табысты коммерцияландыру бойынша CAD/САЕ — бағдарламаларын қолданбалы қолдану көрсетілімі өткізілді.
«Машина жасау» білім беру бағдарламасының білім алушы магистранттары үлкен қызығушылық танытып, оқу сабақтарының тақырыбын талқылауға белсенді қатысты.
Профессор PHAM TUAN сабақ тақырыбына сәйкес аудитория сұрақтарына жауап берді, заманауи машина жасау өндірісін технологиялық дайындау міндеттерін кешенді шешуде ТП АЖЖ маңызды рөлін атап өтті.
Сабаққа «Инжиниринг» факультетінің «Машина жасау және көлік» кафедрасының ПОҚ қатысты.