«Құрылыс инжиниринг» кафедрасында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өтті

«Құрылыс инжиниринг» кафедрасында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қаламыздың ірі мекемелерінің басшыларын шақырылды.
Кафедра мүшелері мамандықтың қыр-сырын толық меңгерген білікті мамандардың ойын ортаға салып, кәсіби мамандарды дайындауда маңызды құзіреттер мен дағдылардың кешенін анықтайтын негізгі көрсеткіштер бойынша отырысқа қатысушылардан нақты практикалық кеңестер мен ұсыныстарын, пікірлерін білдіруді ұсынды.
Білім беру бағдарламалары бойынша құзыреттіліктер мен дағдылардың кіріспе тізбесі қалыптастырып, құзыреттердің алдын ала тізбесі нақтыланып және басымдық берілген құзіреттіліктер анықталынып, 2025-2026 жылдар трендіне баса назар аудара отырып құзыреттіліктер моделінің алғашқы нұсқасын ұсынылды.

Leave a Reply