Тәжірибе алмасу — кәсіби қажеттілік

Yessenov University Инжиниринг факультеті «Экология және геология » кафедрасына Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі қолдауымен Азербайжан Республикасы Ұлттық Индустриялық Университетінен геология-минералогия ғылымдарының профессоры Ахмадов Тофик Рашидоглы келді. Тофик Рашидоглы көп жылдар білім беру саласында қызмет еткен, геофизика саласының майталман маманы, негізгі бағыты сейсмобарлау. Көптеген ғылыми жаңалықтардың авторы, Азербайжан елінің жоғарғы мектепте білім беру үздігі. Он жылдам астам Алжир елінде француз және ағылшын тілдерінде дәріс оқып, шетелдік өндіріс және оқыту практикасынан өткен. Профессор Т. Р. Ахмадовтың келуі университетіміздің ПОҚ жаңа тыныс, студенттеріне қосымша білім қорын беретініне сенімді бола отырып, еңбегіне табыстар тілейміз. Экология және геология кафедарасы ұжымы профессормен бірігіп, ортақ ғылыми жұмыстар жасап, мақалалар жарыққа шығарады деп үміттенеміз.