FACULTY STARTUP MARATHON-2024

26 ақпан күні «Инжиниринг» факультетінде «FACULTY STARTUP MARATHON-2024» атты факультеттік стартап жобалар марафоны өтті. Инновациялық жобалар мен идеялар конкурсына факультеттен 9 жоба тіркелді. Орын иеленген 6 жоба университеттік марафонға жолдама алды. Олар:

* 1 орын «Газ баллон аппаратурасының жүйесін жетілдіру мәселесі» тақырыбымен 6В07111 -Көлік, көлік техникасы және технологиялары БББ 3 курс білімалушылары (жетекшісі: Табылов А.У., Юсупов А. А.);

* 2 орын «Толықтырғыш» тақырыбымен 6B07502 — Метрология, стандарттау және сертификаттау БББ 3 курс білімалушылары (жетекшісі: Билашова Г.С.);

* 2 орын «АқтауЖел» портативті жел энергиясы генераторы тақырыбымен 6B07106 – Электроэнергетика БББ 3 курс білімалушылары (жетекшісі: Бажиков К.Т.);

* 3 орын «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету ұтқыр бекеті» тақырыбында 6В07111 -Көлік, көлік техникасы және технологиялары БББ 2 курс білімалушылары (жетекшісі: Табылов А. У., Юсупов А. А.);

* 3 орын «Өзіне-өзі қызмет көрсету принтері Qaz.print» тақырыбында 6В07116-Технологиялық процесті басқарудың автоматтырылған жүйесі БББ 2 курс білімалушылары

* 3 орын «Производство тротуарной плитки» тақырыбындағы 6В07303- Құрылыс инжиниринг БББ 3 курс білімалушылары (жетекшісі: Жайылхан Н.А.).

Марафонға қатысушылар нарықтың әр саласы бойынша бәсекелестікке қабілетті инновациялық идеяларымен бөлісті. Ұйымдастырылатын осындай шаралар сенімді серіктес тауып, идеялардың нарыққа шығуына мүмкіндік береді.

Leave a Reply