Yessenov University Инжиниринг факультеті «Экология және геология » кафедрасына келген профессор Ахмадов Тофик Рашидоглы өз білімін беру мақсатында студенттер мен магистранттардың сұрауымен арнайы дәрістер сериясын өтіп жатыр. Дәстүрлі түрде студенттерімізге қысқы сессия жүріп жатырғанына қарамастан «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» білім беру бағдарламасы студенттері мен магистранттары геофизика саласына қызығушылық танытып, дәрістерге белсенді қатысуда. Дәрістер тақырыбы: «3Д сейсмобарлау мәліметтерін интерпретациялау», «Тік және көлденең слайстардың 3Д кубын жасау» деп аталады.
Профессор дәріс барысында дәстүрлі дәріспен қатар, миға шабуыл, топтық жұмыс, қатені табу әдістемелерін қолданды. Өзара байланыс орнады, студенттер геология саласы болып табылатын геофизика ғылымының жаңа мүмкіндіктерімен, оның ішінде мұнайгаз кенорындарын барлау жұмыстырында геофизикалық әдістердің бірегейі сейсмикамен жақын танысты. Дәрістер әлі де жалғаса бермек, қосымша оқыту жүріп жатқан KMG Sckool бағдарламасымен қосымша оқып жатқан студенттер де қатысуда.