«EcoJer»

16.09.2023 ж. Yessenov University-нің  Инжиниринг факультетіндегі «Экология және геология» кафедрасының аға оқытушы А.М.Айтимова мен Э 23-1 тобы студенттері  «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының Маңғыстау өңірлік экологиялық кеңесінің мүшелері және «Baytaq Jasyldar Partiasy» Mangystau төрағасы Серик Гусман бастаған табиғат жанашырларымен бірге «Дүниежүзілік тазалық күні» (World Cleanup Day) экологиялық акциясына қатысты. Экосенбілік таңертең ерте сағат 07:00-де басталды! Сенбілік ертемен басталғанына қарамастан, сенбілікке қатысушылар тізіміндегі білім алушылар толық және белсенді қатысты. Олар қоқыстарды жинап қана қоймай, оны сұрыптау мәдениетіне сай бөлек жинақтап, Eco Waste Aqtau компаниясының өкілдеріне өткізді.

Қалдықтарды сұрыптаудағы мақсат оны әрмен қарай кәдеге жарату. Бұл ретте еліміздің алдында 2030 жылға дейін қайта өңделетін қалдықтардың үлесін 40%-ға жеткізу міндеті тұр. Көздеген меженің іске асуына Yessenov University-нің білім алушылары да өз үлесін қосуда!

Leave a Reply