«Тәжірибеге бағытталған оқыту» жобасы

Білім  беруді  дамытудағы  негізгі  мақсат – білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейінде
қоғамның  жаңа  талаптарына  сәйкес  келетін  білімді,  кәсіби  біліктілігі  жоғары  жастарды  тәрбиелеуге  қол  жеткізетін  сапалы,  бәсекеге  қабілетті  білім  беру  жүйесін

қалыптастыру.

2021-2022 оқу жылы жоспарына сай «Тәжірибеге бағытталған оқыту»  жобасы бойынша Yessenov University Инжиниринг факультеті «Экология және геология» кафедрасы студенттері өздері таңдаған мамандықтардың кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп ары қарай дамытуы аясында «Қаражанбасмұнай АҚ-да дуалды тәжірибеден өтуді бастады.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау болып табылады.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді.

Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.

Қазіргі таңда «Техникалық және кәсіптік» білім беруге кең көлемінде айрықша мән беріліп отыр. Дуальдық жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді екені анық.

«Қаражанбасмұнай» АҚ-тың еңбекті, қоршаған ортаны және денсаулықты қорғау саласындағы саясаты.

«Қаражанбасмұнай» ақ саясатының негізгі бағыты — жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды басты мақсат етіп, оларды қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз ету болып табылады.

«Қаражанбасмұнай» АҚ мақсаты:

—   Қаражанбас кен орнын пайдалану кезінде еңбекті, қоршаған ортаны мен денсаулықты корғау саласындағы ҚР заңнамалар талаптарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, ұжымдық келісім-шарттың толықтай орындалуына қол жеткізу;

—   қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарына сай келетін жабдықтарды, құрылғыларды, құралдарды пайдалана отырып, жұмыс барысында жұмысшылардың қауіпсіздігін, өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

—   ластанудың алдын алып қоршаған ортаны қорғау;

—   су ресурстарын  тиімді пайдалану және оның ластануын болдырмауды қамтамасыз ету;

—   аурудың бастапқы белгілерін уақытында анықтап және оның таралуының алдын алу;

—   өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың, өндірістегі кәсіби аурулардың алдын алып, жұмыс орындарындағы қауіптілік пен тәуекелділіктің алдын-ала анықтау;

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да қауіпті жұмысты орындауға жол берілмейді. «Қауіпсіздік пен еңбекті, экологияны қорғау талаптарын толық орындауға қол жеткізу» — әр адамның міндеті.

Мақсаттарға қол жеткізу жолдары:

  • технологиялық жабдықтардың қауіпсіз және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету арқылы Қаражанбасмұнай АҚ өндірістік нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін көтеру;
  • жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті және зиянды өндірістік факторларды, сонымен бірге зиян келтіру мүмкіндігін төмендетуге байланысты тәуекелділікті қамтамасыз ету;
  • «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары және мердігер мекемелер жұмысшылары тарапынан еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын ішкі өндірістік бақылаудың тиімділігін күшейту;
  • «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жеке және ұжымдық жауапкершіліктерін дамыту және ынталандыру;
  • «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерін жұмысты қауіпсіз жүргізуге тұрақты оқыту жүйелерін енгізу;
  • Тұрақты бәсекелестік басымдылықтың бір құрамы ретінде қарастыра отырып, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің қалыптасуын үздіксіз жетілдіру.
  • Қаражанбасмұнай АҚ басшылығы міндеттенеді:
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы ҚР заңнамаларының талаптарын, оған қоса халықаралық стандарттарды және «Қаражанбасмұнай» АҚ қабылдаған стандарттарды сақтауды қамтамасыз ету;
  • Еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғауды басқарудың жетілдірілген, өңделген әдістері мен технологияларын енгізу;
  • Жұмысшыларды компанияның еңбекті қорғауды басқару жүйесінің дамуына белсенді ат салысуға тарту, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтаудағы жұмысшылардың жеке және ұжымдық жетістіктерін марапаттау мен оларды ынталандыру әдістерін қолдану арқылы «Қаражанбасмұнай» АҚ тың әрбір жұмысшысы өз қауіпсіздігімен қатар өзін қоршаған адамдардың қауіпсіздігі үшін де жауапкершілігін сезінетіндей жағдай жасау;
  • Жұмысшылардың еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білім деңгейі мен кәсіби біліктілігін арттыру;

Студенттер осы «Қаражанбасмұнай» АҚ серіктестерімен теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауда және олар өндірістік машықтану кезінде озат іс тәжірибелі мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны меңгереді және болашақта ұтқыр маман иесі ретінде жұмыстар жасайды.

Біздің басты бағытымыз – өзінің туған жері мен елін сүйетін, білімді де білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар тәрбиелеу. Тәлімгерлеріміз сапалы білім алып, отанға деген патриоттық сезімін, еліне деген сүійспеншілігін болашаққа деген нық сеніммен қадам басып өз міндеттеріне жауапкешілікпен қарайды деген сенім арту.

 

«Инжиниринг» факультеті бойынша өңірдің өндірістік объектілерімен бірлесіп дуальды оқыту көзделген. Дуалды білім беру факультетінің барлық ББ бойынша 62% қамтылды. Қолда бар 16 білім беру бағдарламасының 10-ы өндірістік филиалмен ынтымақтасады. 2022-23 оқу жылына «OPTIMUM» жобалау институтымен, «Assi test» ЖШС факультет ББ филиалы ретінде меморандумдар жасалды. Өнеркәсіптік экология пәні ББ филиалдарының базасында өткізіледі.

6В05201-Экология білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенттері Нұрболат Ақжан Нұрболатқызы, Шаңдыбаев Нұртілек Сәрсенбайұлы, Жұмаев Берік Оразбайұлы, Қонақбаев Сұңғат Самалбекұлы «Assi test» ЖШС-де тәжірибеге бағдарланған оқыту бағдарламасы бойынша білім алуда, Нағманов Диас тәжірибеге бағдарланған оқыту бағдарламасы бойынша білім алуда «Қаражанбасмұнай» АҚ-да ай сайынғы еңбекақы төленеді.

Leave a Reply