«Құрылыс инжиниринг» кафедрасында жұмыс берушілермен кездесу 24.10.2023 жж. 6В07303/7М07303- «Құрылыс инжиниринг», 6В07307- «Кадастр» білім беру бағдарламаларының жұмыс берушілермен жоспарлы отырысы өтті. Бұл отырысқа «Инжиниринг» факультетінің деканы Гусманова Айгул Гайнуллаевна, білім беру бағдарламаларының үйлестіруші менеджері Аккенжеева Анар Шынабаевна және жұмыс берушілер: «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» ММ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ МО «Жер кадастры басқармасы», «Ондасын Строй» ЖШС, «, «МЕМқалақұрылыскадастры» РМК Маңғыстау филиалы, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, ТОО «Ак Бекет» мекеме басшылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында бәсекеге қабілетті жоғары білімі бар мамандарды даярлау, оларды одан әрі жұмысқа орналастыру, білім сапасын арттыру және түлектердің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту, сонымен қатар университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Жас мамандарды қолдауда дуальды білім беру форматының элементтерін және әлеуметтік саясатты енгізудің тиімділігі мәселелері қарастырылды. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оңтайландыру, оның нәтижелерін және болашақ мамандардың құзыреттілігін анықтау бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізу. Жұмыс берушілердің элективті пәндер каталогын қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету.
Жұмыс берушілермен бірлесе отырып, оқытудың барлық деңгейлерінде тәжірибеге бағытталған оқытуды кеңейту мақсатында дуальды оқыту жүйесін әзірлеу. Практикаға бағытталған оқыту принциптерін ескере отырып, студенттердің өндірістегі тәжірибесін ұйымдастырудың формалары мен мазмұнын жетілдіру. Белгілі бір арнайы пәндер бойынша сабақтар өткізуге, сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдарды бірлесіп дайындауға өндірістен тәжірибелі практиктерді тарту бойынша жұмысты кеңейту. Облыс үшін кадрларды даярлау мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру. Түлектермен және жұмыс берушілермен «кері байланыс» ұйымдастыру.
Университет жұмыс берушілермен тығыз жұмыс жасап, айтылған ұсыныстар мен кемшіліктерді ескере отырып, БББ-ның мазмұнын жаңартып, сапасын жоғарылату көзделді. Жұмыс берушілер тарапынан білім алушыларға бірнеше ұсыныстар түсті. Университет қабырғасынан білім алған білім алушылар ертеңгі жас маман екенін ескере отырып, кәсіби міндеттерді тиімді шешу үшін жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, БББ-ның мазмұнын заман ағымына сай жаңартып, сапасын жоғарылату басты мақсат болып отыр. Білім берудің сапасы кадрлардың кәсіби дайындығына байланысты екендігін айта келіп, бәсекеге қабілетті БББ дайындап, нарықтың қажеттілігіне сай мамандар еңбек нарығын толықтыратынына сеніміміз мол!